Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет98/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Эмпириялық  білім - рационалды  танымның  төменгі  деңгейі; нақты  тіл
құралдары (бақылаудың 
нақты 
сөйлемдері, графиктер, табиғи
классификациялар  т.б.) түрінде  бекітілген, ой  қорытудан  өткен  эмпириялық
(абстрактілі) объектілер  туралы бақылау  мен  эксперимент  нəтижелерінің пікір
жиынтығы. Эмпириялық  білімді  бір  жағынан  сезімдік  білімнен, екінші -
теориялық білімнен ажырату қажет.
Дəйексөз көрсеткіші - Филадельфия  институтымен  қабылданған  ғылым
бағдарламасының  жүйесі, оның  негізінде  тікелей, керісінше  жəне  көлденең
дəйексөз  бойынша  жасалған  құжаттар  жатыр. Еуропалық  ғылымда  алғашқы
зерттеу шығармаларға сілтеме жасау дəстүрі ХІХ ғ. ортасында қалыптасқан, ол
ғылыми  білімнің  құрылымдық  интеграциясының  жəне  ғылыми  қызметтің
кəсіптік дəрежесінің көрсеткіші.
SCI қазіргі  ғылымның  бүкіл  аймақтары  бойынша  үзілмей  жинақталатын
бағдарлама  база  жүйесі 1960 ж. Ю. Гарфилдтің  жетекшілігімен  қалыптасқан,
қатарлас  электронды  жəне «қағаз» түрінде  жасалады. Дəйексөз  көрсеткішінің
бағдарлама  негізін  əртүрлі  пəндік  топтардың  құрылымын  жəне  олардың
құрастыру 
өзгешелігін 
көрсететін 
үш 
негіз 
құрайды: табиғаттану
ғылымдарының дəйексөз көрсеткіші (Science Citation Index – SCI), əлеуметтану
ғылымдардың  дəйексөз  көрсеткіші (Social Science Citation Index – SSCI),
гуманитарлық  ғылымдар, əдебиет  жəне  өнердің  дəйексөз  көрсеткіші (Arts and
Humanities Citation Index - A&HCI). Оған  қосымша  өзгеше  мамандықтар
бойынша конференция, симпозиумдар мен жалпы шығармалар кіреді. Дəйексөз
көрсеткішінің құрылымы бірнеше қызметтерді атқарады:
- индивидуалды  мен  ғылыми  ұжымдардың  зерттеулері  бойынша  күтуші
бағдарлама іздеу;
- білім  аймақтарының  құрылымын  шығару, бақылау, болжау  жəне  даму
үшін шығармалар арасында байланыстарды іздеу;
- ғылыми  қоғаммен  шығармалардың  сапасы  мен  авторларды  бағалау.
Пəнаралық  зерттеулер – əртүрлі  пəндердің  байланысын  ескеретін  зерттеу  іс-
əрекетің  меңгеруі. Пəнаралық  зерттеулерге  назар  аудару  мен  оларды  өзгеше
зерттеуге  іс-əрекет  жасау  ХХ  ғ. екінші  жартысына  қарайды, пəнаралық
байланысты  дəстүрлі  түрде  ғылым, тарихшылар  мен  ғылым  философтары
зерттейді. Қазіргі жағдайда зерттеудің практикалық мəселесі деп қаралады, оны
жалпы жəне нақты түрде қояды.
Пəнаралық  мəселелерді  шешу  үш  мəселенің  шешімін  біріктіреді:
методологиялық (зерттеу  пəннің  объектісін  қалыпқа  келтіру  жəне  оны  бүкіл


192
пəндердің  қаруларымен  оның  алғашқы  бейнесін  жетілдіру); меңгеру
(коммуникация  торы  мен  зерттеулердің  байланысын  негіздеу, олар  арасында
кəсіби  түрде  пікірталас  өткізу  жəне  əр  мамандықтың  өкілін  қатыстыру);
бағдарлама (қолданбалы  пəнаралық  зерттеулердің  нəтижелерін  мəселе  шешу
практикасында  қолдану  жəне  технологиялық  түрге  айналдыру  жəне  ғылыми
зерттеу  нəтижелерін  пəндік  білімнің  сараптамасында  қолдану). Ғылымның
жаһандану  шартында  үлкен  пəнаралық  зерттеу  жобалардың  нəтижелерін
жеткізу мəселесі маңызда болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет