Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды

1.Экономикалық (іскерлік) цикл – макроэкономикалық тұрақсыз-дықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің 
экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың 
жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші 
бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз. 

2. Экономикалық циклдің фазалары: а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму 
параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады; ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі 
нүктесі ретінде сипатталады; б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай 
жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, 
тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады; в) өрлеу (шың) фазасы 
экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, 
бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерле-мелерінің артуы 
сияқты көрсеткіштермен сипатталады. 

3. Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық көр-сеткіштер мәндерінің ауытқып 
отыруына байланысты, осы экономикалық көр-сеткіштер былай үшке бөлінеді: 1) проциклдік көрсеткіштер; 2) 
контрциклдік көрсеткіштер; 3) ациклдік көрсеткіштер. 

4. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы 
(экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) 
факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың 
синтезі ретінде анықталады. 

5. Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын 
қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен 
қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің 
экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.


Үй тапсырамыс

Блок схема тақырып бойынша 

Жаттығуларды орындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет