Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз


Экономикалық циклдің фазалары



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
1   2   3   4   5   6   7
Экономикалық циклдің фазалары: 

а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму 
параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез 
қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, 
инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндіргіш күштердің 
біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың 
өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы);

ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі 
ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, 
пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, 
өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;

б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың 
жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, 
бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген 
сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;

в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, 
өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы 
қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз 
мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.



Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория 
экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын 
ғана қолданады: рецессия және көтерілу. 
Рецессия деп дағдарыс және құлдырау 
түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу және шың.


Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық 
көрсеткіштер мәндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы экономикалық 
көрсеткіштер былай үшке бөлінеді: 

1) проциклдік көрсеткіштер – бұл жандану фазаларында 
ұлғаятын және құлдырау фазаларында қысқаратын экономикалық 
параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі, 
өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының 
жылдамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның 
жалпы деңгейі, корпорацияның пайдасы, т.б.; 

2) контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп 
отыратын, жандану фазаларында қысқаратын және құлдырау 
фазаларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға 
жататындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын 
өнім қорларының мөлшері, т.б.; 

3) ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық 
циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық 
параметрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт-
импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу 
сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.



Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен 
Киселеваның пікірінше, экономикалық 
жағдаяттың осындай параметрлерінің сәйкестілігі 
немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мысалы, 
1973-1975 жылдары болған энергетикалық 
дағдарысқа байланысты АҚШ-та және бірқатар 
еуропалық елдерде рецессия кезеңінде бағалар 
деңгейі төмендемей көтерілген болатын, бірақ біз 
баға деңгейі параметрінің проциклдік 
көрсеткішке жататындығын білеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет