Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз


Экономикалық циклдің типтері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
1   2   3   4   5   6   7
Экономикалық циклдің типтері

Циклдің типтері
Ұзақтылығ
ы
Басты ерекшеліктері мен себептері
1 Дж. Китчин циклдері 
(қорлар циклдері)
2-4 жыл
Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының 
өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік 
толқулар. 
2 К. Жугляр циклдері 
(инвестициялық немесе 
бизнес циклдер)
7-12 жыл
Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие 
факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың 
кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта 
мерзімдік толқулар
3 К. Маркс циклдері
10 жыл
Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын 
алатын орта мерзімдік ауытқулар
4 С. Кузнец циклдері 
(құрылыс циклдері)
15-25 жыл
Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік 
ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты 
орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар
5 Н. Кондратьев циклдері 
(«Ұзын толқындар»)
40-60 жыл Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы 
құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты 
орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар
6 Форрестерлік циклдер
100 жыл
Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, 
шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның 
жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер 
7 Тоффлерлік циклдер
Мыңжылды
қтар
Өркениеттік дамулардың ұласуы


Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің 

қаржылық,

аграрлық,

энергетикалық,

шикізаттық,

экологиялық,

саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.


Экономикалық циклдердің себептері.

Макроэкономикалық әдебиеттерде 
экономикалық циклдің пайда болу себептері 
туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен 
теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық 
бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы 
көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді. 



С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі 
дақтардың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді.

В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық 
қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға 
байланысты деп айтады.

Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа 
қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен 
байланыстырады.

М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-
жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен 
деп тұжырымдайды.

Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді 
экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің 
қозғалысынан орын алатынын алға тартады.

Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және 
инвестициялардың жетіспеушілігімен байланыстырады.

Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің 
негізгі қайшылықтарынан іздейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет