Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз


Экономикалық циклдің факторлары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Открыть документ «11 лек Макро каз»

Экономикалық циклдің факторлары.

Экономикалық циклдің факторларын 
анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт 
қалыптасады 

Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен 
байланысты туындайтын экономикалық циклдер.

Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен 
байланысты туындайтын экономикалық циклдер.

Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың 
синтезі ретінде анықталады. 



Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген 
экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан 
факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқыны, 
халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен 
техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси 
оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен 
(әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер 
мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, 
ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т.б. 

Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген 
экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға 
әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. 
Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің 
мәселелері сұраныс теориясы, мультипликатор-
акселератор механизмі арқылы зерттеледі. 



Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша 
сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы 
импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар 
осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып 
отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын 
бағыт аса көкейкесті болып табылады. 
Экономикалық циклдердің пайда болуында 
шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен 
инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық 
сұраныс циклдердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер 
етсе, ал инвестициялық сұраныс экономикалық 
циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет