Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономикалық зерттеулердің
Ұлттық бюросының класификациясы бойынша тағы да үш типке бөлінеді:
●
а) озғыш, немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – бұлар жандану
(құлдырау) фазасы орындалғанша дейін өзінің максимум (минимум)
нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметрлер. Бұларға мыналар жатады:
өнеркәсіптегі жұмыс аптасының ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының
орташа саны, қайта құрылатын іскерлік кәсіпорындардың саны, қорлардағы
өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор рыноктарының
индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша массасының өзгеруі;
●
ә) кешігуші, немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау)
фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне келіп
жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар саны,
жаңа кәсіпорындар салуға және құрал-жабдықтарға кететін шығындар,
жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық банктердің пайыз
мөлшелемелерінің орташа деңгейі;
●
б) сәйкес келуші, немесе дұрыс келуші параметрлер – бұлар
экономикалық белсенділіктің өзгеруімен сәйкес және бір уақытта өзгеріп
отыратын параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), жұмыссыздар саны, өнімдер,
жеке табыстар, өндірушілер бағасы, орталық банктің пайыз мөлшерлемелері,
жарнамаға кететін шығындар.
Экономикалық циклдің типтері.
●
Қазіргі заманғы макроэкономика экономикалық
циклдің көптеген түрлерін бөліп көрсетеді.
Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың
объективті негіздері мыналар бола алады:
●
а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру
кезеңділігі;
●
ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын
сипаттайтын өзгерістер;
●
б) демографиялық үрдістермен және ауыл
шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.
●
Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде
берілген.
|