Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз


Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Открыть документ «11 лек Макро каз»

Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық 
тұжырымдамалары.

Экономикалық циклдің қазіргі теориялары 
әртүрлі үлгілермен түсіндіріледі. Олардың 
негізгілеріне іскерлік белсенділік циклі,«импульс-
таралу» механизмі, Самуэльсон-Хикс моделі 
(мультипликатор-акселератор әсері), бизнес-
циклдің неоклассикалық теориялары, 
жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар 
теориясы, саяси сілкіністер теориясы, нақты 
бизнес-цикл теориялары және т.б. үлгілер 
жатады.



Макроэкономикалық тұрақсыздық 
жағдайларында экономикалық циклді реттеу 
үшін мемлекеттің экономикаға араласуының 
әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр 
кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. 
Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын 
тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі 
кестеден көруге болады (кесте). Бұл жерде 
мемлекеттің макроэкономикалық саясат 
құралдары циклдік толқуларды жұмсарту 
мақсатында экономиканың тұрақтандыру 
саясатына айналады. 



Экономиканы тұрақтандыру саясаты – бұл 
инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің 
циклдік толқуларын қысқартуға және 
экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық 
жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, 
өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты 
деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің 
экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.


 Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты
Экономиканы 
тұрақтандыру 
саясатының құралдары
Дағдарыс кезеңдерінде
Өрлеу кезеңдерінде
Бюджет-салық саясаты Бюджет шығындарын арттыру, 
салық ставкаларын төмендету
Бюджет шығындарын 
қысқарту, салық 
ставкаларын жоғарылату
Ақша-несие саясаты
Есептік ставканы төмендету, ашық 
нарықта мемлекеттік бағалы 
қағаздарды сатып алу, міндетті 
резервтер нормасын төмендету
Есептік ставканы көтеру, 
ашық нарықта мемлекеттік 
бағалы қағаздарды сату, 
міндетті резервтер нормасын 
көтеру
Табыстар саясаты
Жалақыны арттыру
Жалақыны қысқарту
Инвестициялық саясат Инвестициялық жобалардың іске 
асуын тездету, мемлекеттік қолдау 
көрсету
Мемлекеттік қолдауды және 
инвестиция салуды тежеу
Мақсаты:
Экономикалық белсенділікті 
ынталандыру
Экономикалық белсенділікті 
тежеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет