Экономикалық циклдің типтері
№
Циклдің типтері
Ұзақтылығ
ы
Басты ерекшеліктері мен себептері
1 Дж. Китчин циклдері
(қорлар циклдері)
2-4 жыл
Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының
өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік
толқулар.
2 К. Жугляр циклдері
(инвестициялық немесе
бизнес циклдер)
7-12 жыл
Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие
факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың
кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта
мерзімдік толқулар
3 К. Маркс циклдері
10 жыл
Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын
алатын орта мерзімдік ауытқулар
4 С. Кузнец циклдері
(құрылыс циклдері)
15-25 жыл
Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік
ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты
орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар
5 Н. Кондратьев циклдері
(«Ұзын толқындар»)
40-60 жыл Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы
құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты
орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар
6 Форрестерлік циклдер
100 жыл
Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен,
шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның
жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер
7 Тоффлерлік циклдер
Мыңжылды
қтар
Өркениеттік дамулардың ұласуы
Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің
●
қаржылық,
●
аграрлық,
●
энергетикалық,
●
шикізаттық,
●
экологиялық,
●
саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.
Экономикалық циклдердің себептері.
●
Макроэкономикалық әдебиеттерде
экономикалық циклдің пайда болу себептері
туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен
теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық
бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы
көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді.
●
С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі
дақтардың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді.
●
В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық
қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға
байланысты деп айтады.
●
Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа
қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен
байланыстырады.
●
М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-
жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен
деп тұжырымдайды.
●
Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді
экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің
қозғалысынан орын алатынын алға тартады.
●
Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және
инвестициялардың жетіспеушілігімен байланыстырады.
●
Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің
негізгі қайшылықтарынан іздейді.
|