Экономикалық циклдің фазалары:
●
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму
параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез
қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы,
инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндіргіш күштердің
біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың
өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы);
●
ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі
ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі,
пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы,
өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;
●
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың
жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі,
бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген
сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;
●
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы,
өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы
қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз
мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
●
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория
экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын
ғана қолданады: рецессия және көтерілу.
Рецессия деп дағдарыс және құлдырау
түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу және шың.
Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық
көрсеткіштер мәндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы экономикалық
көрсеткіштер былай үшке бөлінеді:
●
1) проциклдік көрсеткіштер – бұл жандану фазаларында
ұлғаятын және құлдырау фазаларында қысқаратын экономикалық
параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі,
өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының
жылдамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның
жалпы деңгейі, корпорацияның пайдасы, т.б.;
●
2) контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп
отыратын, жандану фазаларында қысқаратын және құлдырау
фазаларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға
жататындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын
өнім қорларының мөлшері, т.б.;
●
3) ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық
циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық
параметрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт-
импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу
сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.
●
Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен
Киселеваның пікірінше, экономикалық
жағдаяттың осындай параметрлерінің сәйкестілігі
немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мысалы,
1973-1975 жылдары болған энергетикалық
дағдарысқа байланысты АҚШ-та және бірқатар
еуропалық елдерде рецессия кезеңінде бағалар
деңгейі төмендемей көтерілген болатын, бірақ біз
баға деңгейі параметрінің проциклдік
көрсеткішке жататындығын білеміз.
|