Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Оқушының жас ерекшелігін ескеру принципі



бет7/123
Дата06.01.2022
өлшемі361,51 Kb.
#16256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Оқушының жас ерекшелігін ескеру принципі

Оқушының жас ерекшелігін ескерудегеніміз – әр жас кезеңдеріне сәйкес баланың ақыл-ойының, психикалық процестерінің, дене тұлғасының физиологиялық жетілу дәрежесін және олардың «жақын аймақтағы» даму мүмкіндігін ескеру.

Соңғы кезде бұл принципті «Түсініктілік және шамаға лайықтық» принципі деп те атап жүр. «Шамаға лайықты деген ұғымды шамаға сай жеңілдік деп түсінбеу керек. Қайта шамаға лайық» қиындық деп, яғни оқу материалы немесе тапсырмалар оқушының мүмкіндігіне лайық қиын, күрделі болуы қажет деп түсінген жөн.

Оқуды жасанды қиындатуға да болмайды. Оқушыларға берілетін білім шамаға лайық күрделеніп, баланың «ақыл-ойының мүлгуіне мүмкіндік бермейтіндей» /К. Д.Ушинский/ болуға тиіс, қиындық «шартты түрде зейінді шоғырландыру құралы ретінде пайдалы» /К.Д.Ушинский/ болу керек.

Шамаға лайық қиындықты жеңу – оқушы ақыл-ойын дамытудың шарты және өлшемі болып есептеледі. Ол оқушының ақыл-ой қабілеті мен таным мүмкіндіктерінің деңгейін көрсетеді.

Берілетін білімнің шамаға лайық күрделі болуы оқушы ақыл-ойын, тілін дамытуда, оқу әрекеті барысында олардың іскерлігі мен байқағыштығын, психологиялық қабілет мүмкіндіктерін /ес, зейін т.б./ дамытуда ерекше маңызды екендігі жөнінде Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б. ғалымдар өз зерттеулерінде дәлелдеген.

Оқудың жеңілдігі ізденуді талап етпейді, шығармашылық белсенділікті төмендетеді. Сол, сияқты бала ұғымына бас артық қиындық туғызатын күрделі материалды да ұсынуға болмайды. Шамадан тыс қиындық баланың жігерін мұқайды, оқуға ынтасын төмендетеді, өз еңбегінің жеміссіздігін байқаған соң, оқушының өз ісіне деген сенімі жоғалады. Сондықтан да оқу материалының қиындығы, күрделілігі баланың едәуір танымдық ізденіс, белсенді еңбектенуі, ақыл-ой, іскерлік қабілетін жұмылдырып, күш жұмсауы арқылы ұғынуын камтамасыз етерліктей дәрежеде болуы қажет. Сонымен бірге баланың «жуық арадағы даму аймағын» /Л.С.Выготский/, яғни болашақ дамуы мен танымдық мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді. Олай болса 4-сыныпта әдебиеттен берілетін білім оқушылардың шама-мүмкіндігіне сай болуы қажет. Әдебиеттік оқу пәні бойынша ұсынылатын шығармалар оқушының ұғынып меңгере алуының ең жоғарғы мүмкіндігіне сай іріктелуге тиіс. Ал тапсырмалар олардың ойланып-толғанып ізденуін едәуір қиналып еңбектенуін қажет етерліктей болуға тиіс.

Бір сыныптағы оқушылардың ұғыну, оқу қабілеті әр түрлі болатыны белгілі. Сондықтан да материалды түсіндіруде мұғалім қабілеттілігі орта дәрежелі балалардың мүмкіндігіне сүйенеді. Ал практикалық іс-әрекет барысында, үйге тапсырма беруде т.б. жағдайларда оларға талап қою принципін өзгертіп отырады: біріне көтеріңкі талап қойса,енді біріне талап қою төменгі дәрежеде болуы мүмкін.

Мәселен, ақыл-ой қабілеті жақсы дамыған оқушыларға арнайы тақырыптарға шығармалар жазғызу, өздігінен оқуға қосымша әдебиеттер ұсыну, баяндамалар жасату, үгіт-насихат жұмыстарын тапсыру т.б. Ал қабілет мүмкіндігі қалыпты жағдайдағы балаларға берілетін тапсырмалар әдеттегідей болуы мүмкін. Оқытудың түсініктілік және шамаға лайықтылық принципінің мәні осындай.

Оқушының жаңа ұғымдарды меңгеруі бұрынғы ұғым-түсініктеріне байланысты екені түсінікті.

Сондықтан жаңа материалды қандай көлемде, қандай деңгейде өту қажеттігін анықтау үшін мұғалім оқушылардың әдеби шығармалар жөніндегі бұрынғы білім қорын, олардың тарихи-деректі оқиғалармен байланысты зерттеп, анықтап алуға тиіс. Түсініктілік принципінің тиімділігі мұндай жағдайда арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет