Материалдармен әдістер Орталық Азия елдеріндегі кроссмәдени не-
кеге байланысты зерттеулерді жүргізуде бір-
неше деректер тобы арқылы қарастырылады,
оны шартты түрде мұрағат материалдары, дала-
лық зерттеулер немесе статистикалық мәлімет-
тер ретінде бөліп қарауға болады. Соның ішін де
бізге қол жетімдісі статистикалық мәлі меттер
екені анық. Орталық Азия елдері бойынша
XX ғасырдың екінші жартысында КСРО құра-
мындағы санақ материалдары «КСРО халық-
тары» сияқты статистикалық материал дарда
қорытындыланып отырды. Нақты, Қазақстан
жағдайындағы неке мәселесінде әр он жылда
жүргізілген халық санағы материалдарын не-
гізгі дерек көзі ретінде қарастыруға болады.
Мысалы, 1999 жылы жүргізілген халық са-
нағы материалдарында «Неке және отбасы»
том ретінде арнайы басылды. Сол сияқты,
2009 жылғы жүргізілген халық санағы мате-
риал дарында «Үй шаруашылығы» томын-
да еліміздегі некеге тұрғандар мен оның жас
ерек шелігін, құрылымын нақты статис ти-
калық мәліметтермен толықтырған (Домохо-
зяйства РК, 2009: 267-390). Дәл осындай статис-
тикалық материалдар жыл сайынғы жинақ
қорытындылары ретінде де жарық көріп тұра ды.
Өзбекстан Республикасында да осындай жи-
нақтар шықты (Государственный комитет РУ по
статистике, 2021). Сонымен қатар, Қазақс тан-
ның әрбір аймағынан шағын сауалнама жүргі-
зілді. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың обьек-
тивтілігін арттыратын материал ретінде пайда
-
ланылды.
Зерттеу нысаны бойынша бірнесе әдістер
пайдаланылды, соның ішінде статистикалық
деректер мен арнайы әдебиеттерді салыстыру,
сараптама жасау әдістері қолданылды. Сонымен
қатар, алынған сауалнамаларға контент сарапта
-
ма жасалып, оның нәтижелері мақалады берілді.
Тұтас алғанда, қазіргі кроссмәдени некелік
қатынастарға этноәлеуметтанулық тұрғыда тал
-
даулар жасалды.