Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Д.11. Аршу, қазу жұмыстарына маркшейдерлік есеп жүргізу



бет16/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Д.11. Аршу, қазу жұмыстарына маркшейдерлік есеп жүргізу.

Аршу, кен қазу жұмыста-рының көлемі, аумағы маркшейдерлік түсірістердің нәтижелерінің негізінде есептеледі.


Қолма-қол (статистикалық) есеп жүргізу тиелген көлік санымен, оның сиымды-лығымен және кеннің бір көліктегі орташа салмағы немесе барлық тиелген көліктердің салмағын өлшеп отыру арқылы іске асады.
Әр экскаватордан, бөлімшеден, блоктан тиеліп кеткен көлік санын карьердің диспетчерлік қызыметі атқарады. Тиелген кен жыныстарының көлемін төмендегі формула-мен анықтауға болады,
V = N х Vn х K ,
мұндағы, N –диспетчер қызыметкерлерінің санауымен анықталатын көлік саны;
Vn –көлік қорабының төл құжаттық көлемі; К –көлік қорабының толу коэффициенті. Көлік қорабының толу коэффициентін маркшейдер уақтылы кез келген көлікті тоқтатып анықтап отырады.
Салмақтық қолма-қол өлшеу кезінде барлық көліктерді (самосвалдарды, думпкар-ларды) жеке-жеке бос күйінде және тиелгеннен кейінгі салмақтарын анықтайды. Әр көлікті жеке өлшеу көп уақытты, шығынды керек ететіндіктен, бірнешеуін таңдап алып, салмақтарын өлшейді. Ал, көліктердің жалпы салмақтарын формуламен есептейді.
Кен жыныстары таспалық конвейрлермен тасылғанда, автоматты түрде өзінің салмақ өлшегіштерімен кен салмағы өлшеніп отырылады.
Қолма-қол өлшеуді уақтылы, дұрыс қадағалап отырса өте жоғары дәлдік береді.
Қазба жұмыстарын қолма-қол есептеу көп жағдайда жеткілікті дәлдікті қанағат-тандыра алмайтындықтан ең дұрысы, маркшейдерлік түсіріс негізінде есептеу болып саналады.
Қопарылған, аршылған кен жыныстарының көлемдерін анықтау, әр горизонтқа көлемдік сызба, жазық және тік қималар әдістері арқылы іске асады. Бұл әдістер кен қазу жұмыстарының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдап алынады.
Көлемдік сызба планға түсірілген, қопарылған кен жыныстарының, үймелердің сандық биіктіктері қоса көрсетілген немесе сұлбасы күрделі пішінді болған жағдайда қолданылады да, көлемі формуламен есептеледі:
,
мұндағы, S –көлемдік сызба төртбұрышының ауданы;
h -өлшенбекші қабаттың төртбұрыш ортасынан өлшенгендегі биіктігі.
Жазық қималар әдісі тахеометриялық түсіріс нәтижесінде және кен жынысы орналасқан кемердің төменгі және үстіңгі алаңдары жазық, аз өзгеріске ұшыраған жағдайда формуланы пайдаланып шығарылады,
,
мұндағы, SВ ,SН -қопарылған кен жынысының жоғарғы қабағы мен төменгі қабақтарының аудандары;
hор -қопарылған жыныстың орташа биіктігі.
Қопарылған кен жыныстарының аудандарын планиметр аспабымен, биіктіктерін жоғарғы қабақтарымен мен төменгі қабақтарының орташа биіктігі ретінде алады. Қопар-ылған блок әр түрлі өзгерген пішіндерден тұратын болса, онда олардың әр қайсысының көлемін бөлек тауып қосындылары ретінде алады.
Тік қималар әдісі қопарылған кен жыныстары бір қалыпты жайыла орналасқан жалпы жағдайлары үшін кеңінен қолданылады. Бұл ретте тазаланбаған, қопарылған кен жынысын ұзынабойына көлденеңінен, параллель қималар арқылы үш бөлікке бөледі.

15-сурет. Тік қималар әдісі

15-суретте В/ВНС сызығы алдағы келесі түсіріс кезіндегі кемердің орналасуы; В/Н/НС сызығы келесі түсіріс кезіндегі кемердің орналасуы; Sa –алдағы түсіріс кезіндегі қопарылған (пішіні ВНО) кен жынысының ауданы;


Пареллель тең қималар арқылы бөлінген кен аумағын мына формуламен табуға болады:
,
мұндағы, n –қима ауданы;
Si –аралық қималар ауданы.
Маркшейдерлік түсірістер негізінде көлем өлшеуді қайталап, тексеріп отырады. Екі көлем өлшеу айырмашылығы 1% аспауы керек.
Көлем өлшеудегі қателіктер, қайталау және әдістемелік болып екіге бөлінеді. Қайталау қатесі үйілген кен жыныстарының барлық кішігірім ой-қырын, бұрылыстарын есепке ала бермейді. Әдістемелік қателер үйілген кен жыныстарын мейілінше дұрыс геометриялық пішіндерге бөліп, қима араларын жиілетумен азайтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет