Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет17/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Тексеру сұрақтары:
1. Карьерде қандай түсірістер жүргізіледі?
2. Тахеометриялық түсірістің жетістігі неде?
3. Стереофотограмметриялық түсірістің артықшылығы неде?
4. Мензульдік түсірістің мәні неде?
5. Перпендикулярлар әдісі деген не?

Д.12. Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау.
Жоспарлау түрлері және сатылары.

Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау дегеніміз, ол-өндірісті жоспарлай отырып, нәтижесінде шыққан өнімді сыртқа шығаруды екпінді дамыту. Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау өндіру нысандары бойынша орындалу уақытын көрсете отырып, іске асады.


Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлаудың алға қоятын талаптары:
-өнім өндіру жоспарын аталған уақытта қамтамасыз (жылға, тоқсанға, айға, күніне) ету;
-техникалық жобаға және алдыңғы қатарлы қазу жүйесінің тәжірибесіне сүйене отырып түзетілген, алдыңғы жылдардың жоспарына сай бір қалыпты дамыту;
-қазба-байлық қорын тиімді пайдалану, кен қазу кезіндегі, оны толық ала алмуға (жоғалым) және кеннің бос жыныстардыі аралысып қоспалануына (құнсыздауына) жол бермеу;
-кен өндіруді әр бөлімшеде, жалпы мекеме бойынша үздіксіз жүргізіп отыру үшін, аршылған, қазуға дайындалған кен қорымен қамтамасыз ету.
Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлаудағы маркшейдердің атқаратын істері. Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау кезінде маркшейдер төменгі жұмыстарды дайындап, іске асырады:
- тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлауға керекті өткен уақыттардағы берілім материалдарын жинау; кенді ашу, қазу жұмыстарын алдағы уақыттарда бөлімшелерге (әр кемерге, кертпешке)бөлу үшін, берілімдерді дайындау:
- Тау-кен жұмыстарын дамытудың күнтізбелік жоспарын графикалық сызбаларымен қоса дайындау; барлық тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлаудың графикалық сызбаларын дайындау және рәсімдеу.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды атқару үшін, маркшейдер карьердің барлық участоктерінде (кертпештерді, үймелерде, арықтарда) толықтыру түсірмесін жүргізеді де, нәтижелерін планға түсіреді. Толықтырылған планға және түсіріс нәтижесіне қарай отырып, істелген жұмыстарды түбегейлі тексеріп, алдыңығы күнтізбелік уақыттарға кен қазу жұмыстарын жоспарлауға материалдар дайындайды.
Әрі қарай маркшейдер алдыңығы күнтізбелік уақыттарға (жылға, тоқсанға, айға) кенді аршу, өндіру (қазу), қотару жұмыстарын әр бөлімшеге, кемерге, механизмге (экскаваторға, бұрғылау станогіне т.с.) жоспар жасайды; жоспарлық кен қазудағы толық ала алмауды (жоғалым) және кеннің қоспалануын (құнсыздануын) есептейді; кен қорының жылжуын; аршудан шыққан бос жынысты қайда орналасатынын (сыртқы немесе ішкі үймеге) анықтайды.
Барлық тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлаудың есептеулерін кестеге құйып, ірі масштабты планға нобайын түсіреді де, әр алдыңығы күнтізбелік уақыттарға сай штрихтап, түрлі түспен салады.
Өндірістік жоспарға қоса берілетін негізгі графикалық материалдардың түрлері: 1:2000-1:5000 масштабтардағы тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарымен бірге сызылған карьердің планы және тәсімі; 1:500-1:1000 масштабтардағы әр кемердің (кертпештің) күнтізбелік уақыттарға сай планы; 1:500 -1:2000 масштабтардағы әр кемердің (кертпештің) күнтізбелік уақыттарға сай қимасы; 1:5000 масштабтағы карьерді дамытудың топографиялық планы; әр кенді, бос жынысты кемердің (кертпештің) және ішкі үйменің үстіне орналасқан механизмдерімен берілген басқару төл құжаты.
Тау-кен мекемесінің қазба жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ететін маркшейдерлік қызыметтің дайындайтын есептемелік берілімдері болып саналатындар:
-жоспарлық кен өндіру көлемі. Күнтізбелік (жылға, тоқсанға, айға) кен қазу жоспарын қамтамасыз ететін жұмыс істеу майданының жобалық ұзындығын анықтайды. Кен қазу төскей бетінің жалпы ұзындығын анықтағаннан кейін, оны әр тоқсанға, әр айға бөлімшелер, кемерлер және механизмдер бойынша бөледі;
-жоспарлық аршу көлемі V. Кен қазу қазу жұмысын керекті көлеммен қамтамасыз етіп отыру үшін, алдымен кен бетін аршу керек, яғни қосалқы қор көзін дайындап отыру керек. Алдағы жоспарланбақшы кезеңдегі аршылған кен қорының көлемі QH. Аршу көлемін анықтау алдында кертпештер саны, олардың элементтері (керекті нормативті шамаға, яғни осы кен өндіру шартын қанағаттандыратын жұмыс істеу алаңының ені, сақтандырғыш берма шамасы, карьер кемерін жабу бұрышын есептейді) анықтап алады;
-ішкі үйме жүйесін қолданғанда экскаватормен бос жынысты басқа жерге қотару жұмысын жоспарлау керек. Мұнда қайта қотару коэффицинтін kn анықтап алу керек. Қайта қотару коэффицинті, үймеге ауыстырлмақшы (қотарламақшы) жыныс көлемінің, бастапқы массивтен алынбақшы жыныс көлемінің қатынасына тең. Қайта қотару коэффицинтін біліп отыру, қотару көлемін анықтап, жалпы жыныстан қазылған кен көлемін дұрыс есептеуге септігін тигізеді;
-кен қазу кезінде жоспарлық «жоғалту» және «қоспалану» нормативтік шамаларын «таукен техникалық бақылау» органдарымен келісе отырып, анықталып тау-кен мекеме басшысының қолымен бекітіледі.
Кен қазу және аршуды жоспарлау кезінде тексеріс үшін, олардың бір-біріне қатынасын есептейді, яғни аршу коэффициентін анықтайды,
kn= V/ QH.

Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау графикалық сызбалар, кестелік берілімдер және түсініктеме мәтіннен тұрады.


Қазба қорларын есепке алу.Карьердің маркшейдерлік қызыметі қазба қорын дұрыс және толық есебін, олардың уақтылы дайындалғанын бақылап, тексеріп, өзгерістерін (кен өндіруден, оны жоғалтудан, әрі қарай барлаудан, қайта бағалаудан т.б.) және де олардың әр күнтізбелік уақытқа дайындық деңгейін жүйелі түрде, нақтылы қадағалап, жүргізіп отыруы керек.
Күрделі есепке алынатын қорлар-баланстағы және баланстан сыртқары қорлар.
Баланстағы қорлар – деп барланған, жан-жақты тексерілген, сонымен бірге өзінің сапалық қасиеттері және технико-экономикалық көрсеткіштері жағынан, өндіріс талаптарына сай, яғни оларды пайдалану үшін жауап беретін, бекітілген стандартқа және кондицияны қанағаттандыратын қор шамасын айтады.
Баланстық қорды қазып алу рентабельді (тиімді) болуы керек.
Баланстан сырт (кондициялық емес) пайдалы қазба қоры-деп барланған, жан-жақты тексерілген, барлық жер қойнауындағы қазба-байлық категорияларының қандайда бір себептермен қазып алуға немесе сол уақыттағы техника мен экономика деңгейі өндірісте қолдануға мүмкіндік тудра алмайтын қор шамасын айтады.
Баланстан сырт қор шамасын есепке алу, бекітілген нұсқаулар негізінде жүргізіледі. Есепке алу карьерде кен қазу жұмысы басталғаннан, ондағы жұмыс толық аяқталғанша әр горизонтқа бөлек-бөлек жүргізіліп отырылады. Баланстан сырт қорды есептен шығару арнаулы нұсқаулар талаптарына сай жүргізіледі. Қазба-байлық орнындағы баланстық қордың қазылып, сыртқа шығарылатын бөлегін өндірістік қор-дейді.
Өндірістік қор шамасын баланстық қордан жобалық жоғалту шамасын алып тастау арқылы шығарады.
Қазып алуға дайындық деңгейіне байланысты, баланстық қорды үшке бөледі: аршылған, дайындалған және қазып алуға дайын қорлар.
Аршылған қор-деп кенді жыныстың жоғарғы (үстіңгі) жағынан құнарлы жер және бос жыныстардын аршылған немесе кен жынысының жер қойнауында орналасуынан, оның үстіңгі жағы ашық болған жағдайдағы түрін айтады.
Дайындалған қор-деп карьер кемерінің бір бөлігіндегі (бөлімше, блок, горизонт, кемер) кенді жынысты қазып алуды бастауға болады, себебі оның жоғарғы және бір бүйірі ашық түрін айтады.
Кенді жынысты (горизонттағы, блоктағы, кемердегі т.б.) дайындалған қор көзіне жатқызу үшін, техникалық жобаға және қазып алу жоспарына байланысты тау-кендайындық жұмыстарын жүргізу керек, яғни қима ор жол, дренаждық қазбалар, су ағар, су бұру қазбаларын, аршу жұмыстарының қалдықтарын тазалау т.б. жұмыстарды атқару керек.
Қазып алуға дайын қор-деп кенді жынысты кез келген уақытта қазып алу технологиясын, техника қауыпсіздігін бұзбай қазып алуға болатын, яғни төл құжатына сай толық тазаланған, биіктігі мен бүйірі жақтарынан кедергі жоқ, сақтандырғыш бермалар мен белдеулері бар, жоспарда бекітілген тау-кен жұмыстарының талаптарын қанағаттандырып, сол қазба бет (забой) сызығымен жүргізілетін қор көлемін айтады.
Уақытша белдемелердегі қор-деп кемер бермаларында қалған қор көлемін айтады.
Тазалаудағы қор-деп аршу жұмыстарының қалдығынан тазаланбаған қор шамасы.
Кейбір қорлар-деп қандайда бір себеппен, есеп беруші уақытта қазып алуға болмайтын қор шамасы (өрт болғанда, су басып кеткенде, басқа жыныстар үстіне құлап басып қалғанда т.б.).
Баланстық қор шамасын формула арқылы есептейді,
БK = БH – Д – С + ПФ ± Б ,
мұндағы, БH және БK(А+В) категориялары бойынша есеп беретін уақыттың басындағы және аяғындағы баланстық қор шамалары, т;
Д –таза қазба-байлықтың есеп беруші уақттағы өндірілген шамасы, т;
С –есеп беруші уақыттағы баланстық қор есебінен шығарылған қор шамасы, т;
ПФ –есеп беруші уақыттағы барлық кен жоғалту шамалары, т;
Б -қор шамасының есеп беруші уақыттағы қайта бағалау негізінде өсу немесе кему шамасы, т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет