Тексеру сұрақтары:
1. Аршуды жабу коффициенті дгеніміз не?
2. Берма дегеніміз не?
3. Өндірістік қор дегеніміз не?
4. Жұмыс алаңының көлемі қалай анықталады?
5. Кемерді құлау бұрышы дегеніміз не?
Д.9. Бұрғылап-жару жұмыстарын маркшейдерлік іспен қамтамасыз ету.
Карьерлерде бұрғылап-жару жұмыстарын маркшейдерлік іпен қамтамасыз ету, жару жұмыстарының жобалық Кен-геометриялық шамаларын, сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау, түсіру болыр саналады.
Бұрғылап-жару жұмыстарын жобалау кездерінде сол аймақтың 1:1000 немесе 1:500 масштабтағы планы жасалады. Планда карьер кемерінің жоғарғы жиегі және кемердің төменгі етегі түсіріліп, олардың биіктік шамалары, кен сілемінің басқа жыныстармен жанасқан жерлері, бұрғылау мен жару жөніндегі мінездемелері, тектоникалық бұзылымдар және жарықшақтық сілемдері, көлік-технологиялық машиналар мен жабдықтар және бұрғылап-жару маңындағы энергетикалық жүйелер көрсетіледі. Керек болған жағдайда кемердің жиегіне тік салынған қимасы қоса беріледі.
Егер бұрғылап-жару алдыңғы аттырылғанда жиналмаған жыныстардың үстінде жүргізілсе, онда алдыңғы аттырудың соңғы бұрғылама қатарлары планға түсіріледі. Бұрғыламалардың жобалық орналасу тәртібін сақтай отырып, маркшейдер оларды кемер үстіне полярлық немесе перпендикуляр әдісімен түсіреді де белгілеп қояды.
Бұрыштарды ±5 минут, қашықтықтарды 0.1 м дәлдіктермен өлшейді. Бұрғылама-лардың бірінші қатарын полярлық әдіспен түсіргеннен кейін, екінші қатарын перпендикуляр әдісімен орындайды.
Істелген жұмыстардың нәтижелерін пайдаланып бұрғылап-жару жұмысының төл құжаты 1:500 немесе 1:1000 масштабта жасалады. Төл құжатқа 1:5000 масштабтағы сол маңайдың қауыпты аймағына орналасқан ғимараттар мен жабдықтардың орналасу тәртібінің планы қоса тапсырылады.
Бұрғылап-жару жұмыстарының барлық сатылары кездерінде, яғни дайындауда және орындауда маркшейдер қатысып, бақылап отырады.
Жарылыс біткеннен кейін маркшейдер қопарылған жынысты түсіру жұмысымен айналысады, көлемін, қопсу коэффициентін, ұсатылу деңгейін, аршылған жер аумағын т.б. шамаларын анықтайды.
Бұрғылап-жару ор жолдарды салумен қатар жер қыртысын аршуда, штольни мен шурфтарды қазуда да пайдалынылады.
Бұрғылап-жару жұмыстарын ұйымдастыру. Бұрғылап-жару жұмыстарын ұйымдас-тыру төмендегі ретпен орындалады:
1. Бұрғылап-жару жұмыстарына тапсырма алу;
2.Бұрғылап-жару жұмысы жүргізілмекші блокта геолого-маркшейдерлік түсірістер жүргізу және осы түсірістер негізінде тау жыныстарының, кеннің мінездемелері көрсетілген планын жасау (бұл жұмыс алдыңғы бұрғылап-жару жұмысын толық түсіру, тазалау кездерінде іске асады);
3. Төтелдердің (скважиналардың) жобалық орналасу шамаларын құру ең кіші кедергі сызығын табу, төтел тереңдігін анықтау, төтелдердің жоба тереңдігінен артық қазылу шамасын анықтау, төтелдер арасының, олардың қатарларының ара қашықтықтарын және қопарғыш заттардың көлемін анықтау;
4. Жобада көрсетілген төтел орындарын қопарылатын блок үстіне түсіру, қазылған төтелдердің блок үстінде нақтылы орналасуларын түсіру, төтелдердің тереңдігінің артық қазылу шамасын анықтау, төтелдер арасын, олардың қатарларының арасын, бірінші қатардағы төтелдердің блок кемерінен қанша қашықтықта орна-ласқанын, ең кіші кедергі сызығын және кемер көлбеулігін анықтау;
5. Қопарғыш заттардың көлемін анықтау және қопарылатын кен жынысының алдын-ала көлемін анықтау;
6. Карьер басшылары (бас инженері) жобаны бекітеді және оны орындауға тәртіп береді;
7. Бұрғылап-жару жұмыстарының нәтижелерін, яғни пәрменділігін, қопарылған күйдегі көлемін, қандай бұрышпен айырылды, қанша жерге жайылды, жарылу сызығы және қандай бұрышпен, қопарылу коэффициенті, әр төтел жарылысынан қанша жыныс қопарылды (әр төтел өнімділігі), қанша қопарғыш зат кетті, қопарылған жердің табаны қандай тазалықпен өтті, яғни табаны тегіс қопарылдыма;
8.Бұрғылап-жару жұмыстарының нәтижелік графикалық құжаттарын жасау, есеп беру және қортынды жұмыс жөнінде есеп жүргізу.
Бұрғылап-жару жұмыстарында маркшейдерлік қызыметтің қандай үлесі бар екендігін қарастырайық:
Бекітілген күн тізбелік жоспарға сай, Бас инженер мен Бас маркшейдер карьерде атқарылатын бұрғылап-жару жұмысына тапсырма береді. Бұл тапсырма бұрғылап-жару болатын жердің (бөлім, блок, горизонт) жылтыр қағазға планнан көшірілген 1:500, 1:1000 масштабтағы нұсқасына жасалады. Содан кейін, осы бөлікті жазық және тік жазықтықтарда түсіреді де сол түсірмеге геологиялық құрылым ерекшеліктері салынады.
Тік жазықтықтағы түсіріс негізі, ең кіші кедергі сызығын (л.н.с.) табу үшін жасалады. Ол үшін эклиметрді кемердің жоғарғы қабағына қойып төмен қарай бағыттайды да кемер көлбеулігін және эклиметрден нүктеге дейінгі көлбеу ұзындықты таспамен өлшейді. Кемер көлбеулігін, егер кемер көлбеуліктері барлық ұзынабойына жобамен бірдей болса, онда оның орташа бұрышын алады. Сонымен бірге кемердің барлық берілімдерін түсірумен қатар, геологпен бірлесе отырып, әр түрлі, әр сортты, әр түрлі қасиетті кен қыртыстарының жанасу сызықтарын, тектоникалық бұзылым шектерін, ара қашықтықтарын түсіреді де осы түсірістердің нәтижелерін алда болатын бұрғылап-жару жұмыстарын есептеуде пайдаланып тексеріп отырады.
Содан кейін, планға төтелдердің орналасу жобасын сызады. Бірінші қатардағы төтел-дердің үстін басып өтетін қима жасап, оған барлық геологиялық берілімдерін, ерекшелік-терін және кемердің барлық өлшемдерін түсіреді.
Жобалық план арқылы ең аз кедергі сызығын кемер сызығына немесе кемер табанына тік сызық (нормаль) ретінде табады.
13-сурет. Бұрғылап-жарудың графикалық құжаттары
Төтелдер тереңдігін, артық бұрғылау шамасын есепке ала отырып, төтелдер және қатарлар арасын, бірге бірінші қатардың кемердің жоғарғы қабағынан қанша қашықтықта екендігін табады сонымен бірге жарғыш зат көлемін анықтайды.
Қопарғыш зат заттар көлемін, әр кен орындары үшін төмендегі формулалармен есептелуі мүмкін:
темір кенді карьерлер үшін,
Достарыңызбен бөлісу: |