Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет4/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Кері геодезиялық бақылау. Кері геодезиялық бақылау координаталары анықталмақшы нүктеде тұрып, сол нүктеден координаталары белгілі үш қосындарға (А,В,С) бағытталған қабырғалар араларындағы жазық бұрыштарды ( ,  ) өлшеу негізінде координаталарын анықтайды.

7-сурет. Кері геодезиялық бақылау


Есептеу жұмыстары төмендегі ретпен орындалады.


Координаталары белгілі А, В, С нүктелерін пайдаланып АВ және ВС қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын (АВ , ВС) және сол қабырғалардың ұзындықтарын (с, а) табады:

АВС бұрышының шамасын төмендегі формуламен анықтайды:
АВС=  +  = BA - BC .
А және С нүктелеріндегі 1 және 2 жазық бұрыштарының шамасын табады, ол үшін 1 және 2 бұрыштарының қосындысын табады:
1 + 2 = 3600 – ( + ) – ( + ) .
Ал, 1және 2 бұрыштарының айырмасын табу үшін, АВД , СДВ үшбұрыштарынан төмендегідей қатынас құрады:
,
Бұл формулада -деген белгілеу енгізіп бұрышының мәнін табу керек.
Төмендегі келтірілген формуланы пайдаланып 1 және 2 бұрышта-рының айырмасының жартысын табамыз:
.
1 және 2 бұрыштарының айырмаларының және қосындыларының шамаларын пайдаланып, сол бұрыштардың толық шамаларын табады:

Есептелінген 1 және 2 бұрыштарының дұрыстығын формуламен тексереді.
АВД және СВД бұрыштарынан және бұрыштарын анықтау керек:
=1800 -1-,=1800-2-,
тексеру , +=1800=АВС.
АД және СД қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын (АД, СД) және ұзындықтарын (S1 ,S2 ,SВД ) есептейді:
АД=AB+1 , СД=CB-2 ,
.
Д нүктесінің өсімшелерін, координаталарын А және С нүктелерімен салыстыра отырып (тексеру үшін) екі рет табады.
А нүктесі арқылы:
ХАД=S1cosАД , YАД=S1SinАД ,
ХД=XA+XАД , YАД=YАД+YАД .
С нүктесі арқылы:
ХСД=S2cosСД , YСД=S2СД ,
ХД =XC+XСД , YД=YC+YСД .
Д нүктесінің координаталарын екі рет анықтау арқылы, жоғарыдағы есептелінген шамалардың дұрыс шығарылғандықтарына көз жеткіземіз.
Аналитикалық торларда бұрыштық өлшемдер Т5, Т, Т30 теодолиттерімен орташа шаршылық қатесі ±15 секундты қамтамасыз ететін әдістермен орындалады. Геометриялық пішіндердің ішкі бұрыштарының қиылыспаушылығы , мұндағы n- геометриялық пішіндегі бұрыштар саны.

8-сурет. Теодолиттік жүріс (а) және полярлық әдіс (ә)




Теодолиттік жүрістер координаталары белгілі екі қосындар арасында және В) немесе оны тұйықты етіп жүргізеді, яғни координаталары белгілі бір нүктеден бастап сол нүктеге қайтып әкеліп түйістіреді.
Бұрыштық өлшемдер аналитикалық торлар әдістеріндегідей орындалады. Ұзындық өлшемдер болат таспалармен немесе ұзындық өлшегіш аспаптармен тура және кері бағытта екі рет өлшенеді. Тура және кері ұзындық өлшемдер алшақтығы 1:1000, ал сызықтық қиылыспаушылық 1:3000 қатынасындай шамалардан аспауы керек (8а-сурет).
Полярлық әдіс, егерде координаталары анықталмақшы нүкте жақын болған жағдайда немесе арақашықтығы дәл өлшейтін автоматты аспаптар (светодальномерлер, радиодаль-номерлер) болған жағдайларда пайдаланады (8ә-сурет).
Өндірістік торлар және профильдік сызықтар әдістері карьер тереңдіктері саяз, жер бедері жазық болған жағдайда қолданылады (9а, ә-суреттер). Бұл шаршы немесе төрт бұрышты торлар, карьер орнын (бетін) аршу жұмыстарынан бұрын жасалады. Торлар жобасы тірек қосындарынан басталып жерге бекітіледі де олардың негізгі қосындары теодолиттік жүрістермен немесе басқа әдістермен тексеріледі. Шаршы төбелерінің арасы 20 м басталып 100 м дейін жетеді.

9-сурет. Өндірістік торлар, профильдік сызықтар тәсімі




Фототриангуляция әдісі, аумағы үлкен карьерлерде кеңінен қолданылады. Түсіру торларының қосындары маркаланып белгіленеді, себебі оларды фотосуреттен көріп тануға мүмкіндік болуы керек (10-сурет).

10-сурет. Фототриангуляция әдісінің тәсімі


Аэрофототүсіріс кезінде 1 тірек қосыны және 2 түсіру қосыны бір суреттің ішіне кірулері керек. Жоғарғы дәлдікті стереокомпаратор арқылы анықталмақшы нүктелердің координаталары өлшеніп, әрбір бейнеге (суретке) екі теңдеу құрылады. Осы теңдеулерді ЭЕМ шешу арқылы, түсірілмекші нүктелердің координаталары анықталады.


Түсіру негіздерін құрудың әдістеріне байланысты, олардың пландық координата-ларын анықтаумен бірге биіктік шамаларында қоса анықтайды немесе биіктік торларын бөлек құрады.
Аналитикалық фототриянгуляция әдісімен түсіру негіздерін дамыту кездерінде нүктелердің биіктіктерін пландық координаталарымен бірге анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет