Байланысты: История и философия науки. Методические указания
Биоэтика - биомедициналық ғылым және ic жүзіндегі денсаулық сақтаудың этикалық-кұқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
Бифуркация - Жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының бұзылуы; бip нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
Верификация - дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырымдардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпирикалық шындықпен тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады. (лат. verus - ақиқат, facere - жасаймын) - ғылыми ақиқат оныц деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік концепция. Верификационизм логикалық позитивизм мен аналитикалық фигоафияның бip тармағы болып табылатын ғылым тіліне қатысты логикалық эмпиризмде кең қолданыс тапты. Оны 1920 ж. Вена логикалық үйірмесінің мүшелері (М.Шлик, О.Нейрат, Ф.Вайсман, К.Гедель, Р.Карнап, Х.Рейхенбах) зерттеп ұсынды. Олар Л.Витгенштейннің «Логикалық-философиялық трактаты» қағидаларын басшылыққа алды. Верификационизм принципі бойынша, кез-келген ғылыми зерделеген кағида «таза тэжірибенің» нәтижелерін білдіретін және кез-келген білімнің негізі болып табылатын «хаттамалық сөйлемдер» дегендердің тұтастығымен анықталады. Кейін верификационизм принципі орнын фальсификациялау принципіне берді.
Гностиктер - (грек, gnosis - білім) - христиан теологиясын Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагореизммен біріктірген діни
Философиялық ағым. Гностиктердің түсінігі бойынша, Құдайды тану мүмкін емес. Оны тек материядан тыс кұрылуынан танисың. Себебі материя - зұлымдық, қасірет. Философия тарихында iзi қалған гностиктер ретінде мысырлық Валентинді және сириялық Валентинді атауға болады. Eкeyi де 2 ғ. өмip сүрген.
Генезис - 1) Шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың кұрылуы немесе қалыптасу үдерісі. (грек. - пайда болу, қалыптасу) - генетикалық- диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі шығу тарихы, қалыптасу сатылары. Генезис ұғымы мәдениеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О.Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды. Мифология санада генезис хаостан (ретс1здштен) гармонияға (үйлесімділікке) өту ретінде қарастырылады. Антиктік мәдениетте генезис табиғи және әлеуметтік нақтылы болмыс бітімдерінің қалыптасуы түрінде зерделенген (логос, атом, стихиялар, субстрат пен субстанция). Жаңа заманда Гердер, Кант, Гегель жэне т.б. генезис ұғымын жалпы даму ілімінің аумағында қарастырады. Эволюциялық теорияның қалыптасуы генезис ұғымын жан-жақты толықтырды. К. Юнг генезис ұғымын дамудың бастапқы үлгілері - архетиптер тұрғысынан зерделейді Феноменологияда ғылыми зерттеудің статикалық және генетикалық әдістемелері негізделеді. Қазіргі мәдениеттануда құрылымдық-синхрондық зерттеулердің генетикалық-диахрондық ізденістермен 6ipге жүргізілуі маңызды әрі нәтижелі болады деп есептеледі.