Джастификационализм - растау, бекіту, негіздеу. Эмпирикалық тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізгі және белгісі деп санайтын логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бipi.
Диахрондық талдау- зерттелетін нысананың даму үдерісін бip бірін ауыстыратын бірқатар кезеңдерге бөлшектеуден және кейіннен оларды белгілі бip белгілері бойынша салыстырудан тұратын таным әдісі.
Дискурс - (лат. diskursus - пайымдау) - пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, интуитивтіден өзгеше түрдегі пайымдық, жанамалылық, логикалық, демонстративтік. Ақиқаттарды жанамалық емес (интуитивтік) және жанамалық (айғақтар негізінде қабылданатын) деп бөлу Платон мен Аристотельде, ал дискурсивтік термині Фома Аквинскийде кездеседі. Метафизиктер ойлаудың дискурсивтік ролін не теріске шығарады, не оны әсіреледі (Вольф және басқ.). Жаңа философия дискурсивтіктің таным тұрғысында маңызды роль атқаратынын мойындайды.
Деконструкция - мәтінге қатысты ерекше стратегия, «деструкцияны» да, реконструкцияны да қамтиды. Термин метафизика дәстурі ретіндегі европалық дәстүрді қайта түсінуді білдіреді, мұндағы басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру.
Деструкция - философиялық онтологиялық конструкциялардың негіздемелерін айқындау. Деструкция, бip жағынан алғанда, антикалық дәстүр ашқан, кейін ұмтылыңқыраған мүмкіндіктерді ашады, екінші жағынан - болмысты өз бетімен, шегіне жете түсінуге бағыттайды. Тарихи - философялық контексте деструкция адамның өзінің нақты уақытында өз мәнін табатын өзекті өмip сүру мүмкіндіктерінің бipi ретінде түсініледі.
Детерминизм - (лат. determinare - аньщтау) - себептіліктің рөлі мен орны туралы мәселесі жөніндегі қарама-қарсы философиялық концепция. Детерминизм кағидасына сәйкес себепсіз құбылыстар болмайды, барлық құбылыстардың себептілігі бар. Детерминизм - барлық құбылыстардың себептілігі мен жалпы заңды байланыстары туралы ілім.
Дефиниция - (лат. defmitio - анықтау) – заттың маңызды ерекшеліктерін немесе ұғымның мағынасын, мазмұнын және шекараларын айқындайтын қысқаша логикалық анықтама.
Диалектика - табиғаттың, коғамның, адамның және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым. Философия тарихында объективі және субъективті диалектика ұғымдары қалыптасты. Материалдық дүниенің даму процесі, яғни объективі шындықтағы құбылыстар мен процестердің өзара заңды байланыстары объективті диалектикаға жатады. Ал таным npoцeci субъективті диалектика болып табылады, ол объективті диалектиканың; санадағы бейнесі, ойлау барысындағы түсініктердің, пікірлердің, т.б. заңды байланысы. Материалистік диалектика тек табиғат пен коғамның болмысы туралы онтологиялық ілім ғана емес, сонымен қатар таным туралы гносеологиялық ілім, дүние дамуын ойда бейнелейтін заңдар мен формалар туралы ғылым ретіндегі логика.
Догматизм - (грек, dogma - пікір, ілім, шешім) - қатып қалған ұғым мен пікірді жақтайтын, тәжірбие мен ғылымда жаңалықтарды мойындамайтын, шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығын шектейтін принцип, ойлау әдісі. Догматизм ұғымының тарихы діни түciнiктepдiң дамуымен байланысты, яғни, діни догматтарға сснуді талап етіп, оны сынау мүмкін еместігін, ондағы талаптар сенушілердің барлығына міндетті екендігін түсіндіру.