Антиинтеракционализм - соған сәйкес философия мен ғылымның мақсаттары бойынша әртүрлі болатыны соншалықты, олардың арасында ешқандай ішкі байланыс бола алмайтын философия мен ғылымның арақатынасы тұжырымдамасы (экзистенциализмнің, мәдениет философиясының, кұндылықтар философиясының, өмip философиясының өкілдері және т. б)
Антроптық ұстаным - қазіргі заманғы космологияның (әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының негізгі тұжырымдарының бipi. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір cүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
Апперцепция - кез келген әрекеттің нақты бip субъектісінің алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе оның өмір cүpyi мүмкіндігінің апиорлық шарттарына тәуелділігі. (лат. perception - қабылдау) - адамның әpбip қабылдауының оның өткен өмipлiк тәжірбиесі мен психикалық қалпына тәуелділігі. Терминді алғаш енгізген Лейбниц болды, оның философиясында апперцепция өзіндік санамен байланысты.
Әдістеме -1) Танымның ғылыми әдісі туралы ілім2) әлдебір ғылымда қолданылатын әдістер жинағы
Антисциентизм - (грек, anti-қарсы және лат, scientia — білім) —
ғылымды сыни бағалау және оның рөлін ғылыми танымда адамның, әлемге қатынасы факторы ретінде қарастыру. Қоғамдағы ғылымның ролін абсолюттеуге бағытталған принцип. «Ғылымға қарсы» ортақ атауға ие. Сцентизмге қарама-қарсы.
Биофилософия - дүниетанымдық, адамгершілік және эпистемологиялық мәселелерді шешу барысында бастапқы негізгі ұғымы оның ғылыми- биологиялық түсіндіруінде деген сенімнен шығатын табиғи бағытталған философияның бip нұсқасы. Биофилософия осы мағынасында XIX ғасырдың аяғында-ақ дарвинизмнің әсері мен және соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта биофилософия қалыптасатын, кемінде, үш дербес, бірақ өзара байланысты: 1) биологияның немесе биология философиясының философиялық мәселелерін зерттеу; 2) адамға және адам мәдениетіне байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір кұбылысын зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына, оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.