Абстракция - заттардың және олардың арасындағы катынастардыц бірқатар кәсиеттерінен ойша алшақтау; 2) Дерексіз ұғым; 3) таным нысанын ойша бөлшектеудің нәтижесі; соған орай ғылымда солардың арасында ойша сұлбалар мен байланыстар (түсініктер, пікірлер және т.б.) кұрылады.
Апория - (грекше aporia - тығырық) - көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Алғаш рет апория ұғымы Зенонның козғалыстың болмайтындығы туралы философиялық талкылауынан Kөрініс табады. Бірақ ойшыл бұл ұғымды тікелей мағынасында қолданбаған. Апория философиялық термин ретінде Платонның, кейін Аристотельдің еңбектерінде «қарсы корытындылардың теңдігі» мағынасында беріледі. Апорияға Канттың антиномиялары да жақын келеді.
Агностицизм - (грек, agnostos – біліп болмайтын, белгісіз) - болмысты тану, дербес акиқатқа жету мүмкін емес дейтін тұжырымға негізделген философиялық ілім. Агностицизм ұғымын 19 ғ. діни сайыстарында ғылыми көзқарасты айкындаушы ретінде 1869 ж. Т.Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары, Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары. Агностицизмнің өкілдері танып-білу құбылысының шынайы қиыншылықтары: мәңгі өзгерістердегі тіршілікті толық ұғынудың беймүмкіндігін, оның нақты адамдардың сезімі мен санасында өзгеше түрленуін түсінген. Агностицизм ілімі қазір көп қолданылмаса да, өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Апиори - (лат. a priori - тәжірбиеге дейін) - тәжірбиеге, ic-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатын, ешқандай тәжірбиелік дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым. Априориге қарсы Кант философиясында апостериори ұғымы қолданылады.
Апостериорлық білім - (лат. a posteriori – келесіден) – тәжірибенің нәтижесінде алынатын білімді анықтайтын термин.
Антиномия - (грекше - заңның өзіне-өзі қайшы келуі) - 1) зат туралы eкeyi де кайшылықты пiкipлepдiң бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.
Ақиқат - танушы субъектінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірбиенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективті мазмұны. Тағы бip анықтамасы, ақиқат - өмip шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға және олардың тілмен тұжырымдалу тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Философияда ақиқатты түсінудің дәйекті материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалектикалықаспектілері кызмет етеді (Объективті ақиқат, Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат, Ақиқаттың нақтылығы, Ақиқат өлшемі, Теория мен практика).
Аксиомалық әдіс - (грек, axioma - мақұлданған кағида) - белгілі теорияда дәлелденбейтін тұрғыда алынатын және одан (немесе оның, жиынтығынан) теорияның барлық басқа сөйлемдері ондағы тұжырымдау ережелері бойынша (салыстыр: постулат) қорытып шығарылатын қайсыбір ғылыми теорияның бастапқы тұжырымы (сөйлемі).
Анализ (талдау) - нысанасын бөлшектеуден тұратын ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бip кұрамдас бөлшектерге, элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.
(грек, analysis - бөлу, synthesis - қосу) жалпы мағынасында ойдағы немесе фактілік процестердегі бутіннің құрылымдық бөліктерге, ал бөліктердің бүтінге айналуы. Анализ және синтез ойлаудың логикалық әдісі ретінде оның барлық деңгейлері мен ойлау операцияларында (абстрактілеу, жалпылау) қолданылады.