Герменефтика - (грек, hermeneutike -тусіндіру өнері) - алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Герменевтика ежелгі антик дәуірде көне ақындардың (ең алдымен Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, кұпиялап айтуларды тусіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Ортағасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта өрлеу дәуірінде герменевтика антик мәдени мұралардың тілін тipi,сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тэжірбие сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахерқазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірбиесі арқылы ecкi діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Ал Г.Гадамер герменевтиканы «тұлғалық түсінуші тәжірбиемен» байланыстырады.
Ғылым - 1) Әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған және негізді білімдерді кұрауға бағытталған танымдық қызметтің ерекше турі 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс icтеуін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт.
Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметтің сипаттарын зерттейтін философиялық бағыт. Тарихи-мәдени контексте ғылым философиясының басты проблемалары мынадай: а) ғылыми білімнің бірлігі идеясы және онымен байланысты дүниенің ғылыми тұтас бейнесін қалыптастыру міндеті, детерменизм, себептілік ұғымдарын, динамикалық және статикалық заңдылықтардың арақатынасын сараптау; б) ғылыми зерттеудің кұрылымдық сипаттамалары - анализ бен синтездің, индукция мен дедукцияның, логика мен интуицияның, жаңалық ашу мен негіздеудің, теория мен фактінің арақатынасы; в) демаркация проблемасы - ғылым мен метафизиканы, математика мен жаратылыстануды, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылысты ғылымдық білімді бөлу; ғылыми білімді негіздеу проблемасы, верификация жасауды сараптау; д) ғылыми-зерттеу парадигмаларын қарастыру; е) ғылыми білімді гуманизациялау мәселесі.