«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
 
«Қазақ философиясы» пәні 
 
1 тақырып. «Қазақ философиясының тарихын зерттеудің әдіснамасы және оның 
өзіндік төлтума болмысы»
Қазақ философиялық ойының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Қазақ философиясы 
тарихының кезеңделуі. Қазақтардың көшпелі және отырықшы өмір салты, олардың бірегейлігі мен 
ерекшелігі. Қазақ философиясының әлемдік тарихи-философиялық жүйедегі орны мен мәні. 
Қазақтың әлеуметтік болмысы және ұлттық мәдениеті. Қазақ философиясының тарихы: мақал-
мәтелдер, баталар және т.б. Қазақтың философиялық дәстүрі және бағыттары. 
 
2 тақырып. «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» 
Араб-мұсылман философиясының әмбебаптығы, энциклопедизмі, пантеизмі және 
перипатетизмі. «Екінші Ұстаз» – әл-Фараби білімінің энциклопедизмі. Әл-Фарабидің 
онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-


Фарабидің ізгілікті қала туралы ілімі және қазіргі заман. Әл-Фарабидің философиялық мұрасын 
зерттеу. Қазіргі заманғы қазақ философиясындағы фарабитанудың қалыптасуы мен дамуы.
 
3 тақырып. «Арғықазақ мифологиясы мен философиясы» 
Арғықазақтардың дүниетанымдық бағдарлары мен бастапқы санаттары және олардың 
арақатынасы. Сақтардың, үйсіндердің, ғұндардың және қаңлылардың сенімдері мен мифологиясы. 
Көшпелі өмір салтының философиялық және дүниетанымдық мәселелері. Көшпенділік және 
отырықшылық. Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы және олардың ерекшеліктері. Көне түркі 
жазуы. Орхон-Енисей мәтіндеріндегі дүниетанымдық бағдарлар. Түркілердің дәстүрлі 
дүниетанымының негізгі категориялары. Тәңіршілдік дүниетаным ретінде. Тәңіршілдік және 
философия. 
 
4 тақырып. «Орта ғасыр дәуіріндегі қазақ философиясы» 
Қорқыт Ата дүниетанымы. Өмір және өлім мәселелері. «Оғызнама» мәтініндегі мәдени-
тарихи маңызды тұжырымдар. әл-Фарабидің философиясындағы Ақыл туралы ілім. Әлеуметтік 
этика. Ғылымдар жүйесі. Махмұт Қашқари: дүниетаным айшықтары. Жүсіп Баласағұнның «Құтты 
білік» дастанындағы философиялық ойлар. Қожа Ахмет Иасауи − сопылықтың түркілік 
бұтағының негізін салушы. «Диуани хикметтегі» махаббат ілімі. Сопылық философиясы. 
Иасауидің адам бостандығы туралы ілімі. Иасауи ілімінің қазақ философиясы тарихындағы орны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет