«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
 


5 тақырып. «Ғылымның логикалық-әдіснамалық құрылымы»
Әдіснама және әдіс. Ғылыми әдіснама деңгейлері: философиялық, жалпығылымдық, нақты-
ғылымдық және технологиялық. 
Теория және эмпирия. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және өзіне тән 
белгілері. Ғылымның эмпирикалық тілінің ерекшеліктері. Негізгі эмпирикалық білімдердің
фактілердің (бақылаулардың, эксперимент пен өлшеулердің) қалыптасуы. Эмпирикалық 
зерттеулердің «теориялық жүктелуі».
Теориялық танымның ерекшеліктері. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері: 
мәселе, гипотеза, теория. Ғылыми теорияның критерийлері. Теориялық танымның әдіс-методтары: 
формалдау, аксиоматикалық әдіс, гипотетикалық-дедуктивтік әдіс, абстрактылықтан нақтылыққа 
өту.
 
6 тақырып. «Ғылыми зерттеу, ізденіс стратегиялары, ғылыми ойлау стильдері»
Ғылымның мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде қалыптасуы. Ғылымның идеалдары 
мен нормалары – ғылыми қызметтің мақсаттары және оларға жету тәсілдері туралы түсініктері. 
Объектіні ғылыми білімнің әртүрлі формаларында бейнелеу үрдісін реттеуші танымдық 
тұғырнамалар. Ғылыми ізденістің әлеуметтік нормативтері. Зерттеушілердің, ғылыми 
қоғамдастықтардың өзара және жалпы қоғаммен коммуникациясының ерекшеліктері. Ғылымның 
танымдық идеалдары – зерттеу қызметінің методтары схемасын қалыптастырушылар.
Ойлау стилі түсінігі және оның мәдени-тарихи шарттылығы. Ғылыми ізденістің идеалдары 
мен нормаларын әрбір ғылымның пәндік саласының ерекшеліктеріне қатысты нақтылау. 
Зерттеудің идеалдары мен нормаларының құрылымы: түсіндіру мен сипаттаудың; білімнің 
дәлелділігі мен негізделгендігінің; білімдерді құрастыру мен ұйымдастырудың идеалдары мен 
нормалары. Ғылымның идеалдары мен нормаларының дүниенің ғылыми бейнесіне, теориялық 
модельдер мен заңдарға қатысты алғанда реттеуші рөлі.
Ғылым этосы, ғылым және құндылықтар. Ғылым этикасы және ғалымның адамгершіліктік 
жауапкершілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет