«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар


 тақырып. «Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуы»



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
D050 Философия и этика

 
9 тақырып. «Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуы» 
Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері: диалектика мәселелерін, 
жаратылыстанудың философиялық мәселелерін, ұлтаралық қатынастарды, ғылыми атеизмді, қазақ 
қоғамдық және философиялық ойының тарихын зерттеу. Тәуелсіздік алуының алғышарттары мен 
рухани негіздері және оның рухани-мәдени аспектілері, ұлттық идеяларды қалыптастыру. Ұлттық 
идея ұғымы және оның мәні. Посткеңестік кезеңдегі қазақстандық философия: қазақ ұлттық 
философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларына жүгіну, қазақ философиясындағы 
«ақтаңдақтарды» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанды дамытудың жаңа жолдарын іздестіру, дәстүрлі 
және қалалық мәдениетті философиялық пайымдау, фарабитану Ренессансы. Ұлттық және 
мемлекеттік бірегейлік. Қазақстандық ұлттық идеялардың негізгі аспектілері. Қазақстандық 
патриотизмнің философиялық негіздері. Қазақ халқының мәдени және әлеуметтік бірегейлігін 
іздеу. Қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша зерттеудің қалыптасуы. Өркениеттік 
дамудың қазақстандық үлгісін іздестіру. Жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылыми 
зерттеу әдіснамасының мәселелері.
 
 
«Әлеуметтік философия» пәні 
1 тақырып. «Әлеуметтік философия: статусы, қызметтері және мәні» 
Әлеуметтік философияның ғылыми статусы. Дүниетанымдық қызметі. Әдіснамалық қызметі. 
Гуманистік қызметі. Жалпы мәдени қызметі. Гуманитарлық және жалпы ғылыми білім 
жүйесіндегі әлеуметтік философияның орны. Әлеуметтік философияның даму логикасы. 
Объективтілік, жан-жақтылық, адамзат тарихының мәні. 

2 тақырып. «Әлеуметтік-философиялық әдіснаманың мәселелері» 
Әдістер мен әдіснама және олардың деңгейлері мен типологиясы туралы жалпы түсінік. 
«Табиғат туралы ғылым» және «Мәдениет туралы ғылым» диллемасы: гуманитарлық ғылымның 
әдіснамалық мәселелердің бастамасы. Әлеуметтік таным әдіснамасы мәселелері контекстіндегі 
әлеуметтік философия.
Марксизмнің диалектикалық-материалистік әдіснамасы. Франкфурт мектебінің диалектикасы 
мен әлеуметтік философиясы. Қоғамды талдаудағы жүйелік әдіснама және синергетиканың 
принциптері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет