«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
 
3 тақырып. «Ғылым динамикасы. Қазіргі заманғы ғылым философиясының 
концептуалдық моделі» 
Ғылым динамикасының жалпы модельдері: кумулятивтік модель және ғылыми 
революциялар арқылы даму. Ғылыми білімдер динамикасының үлгілері: Т.Кун, И.Лакатос, 
П.Фейерабенд. Ғылыми қоғамдастық ұғымы. Ғылыми парадигма, ғылыми тақырып ұғымдары. 
Парадигмалардың ауысуы туралы Т.Кунның концепциясы. Ғылыми революциялар және 
парадигмалар. Дәстүрлердің өзара әсерлері және жаңа білімнің пайда болуы. Ғылым 
динамикасындағы революциялар мен дәстүрлердің байланысы. И.Лакатостың ғылыми- ізденістік 
бағдарлама ұғымы. Ғылыми-ізденістік бағдарламадағы қатаң ядро, қорғаушы белдеу, позитивті 
және негативті эвристика. П. Фейерабендтің теориялық және әдістемелік плюрализмі. 
Анархиялық эпистемология, теориялық релятивизм, «бәрін жасауға рұқсат» принципі. 
Дж.Холтонның ғылымды тақырыптық сараптауы.
4 тақырып. «Ғылым тарихы және философиясының классикалық емес және 
постклассикалық емес даму кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары»
Ғылым мен ғылыми білімнің даму концепциялары. Позитивизмнің бірінші толқыны: О.Конт, 
Г.Спенсер, 
Дж.С.Милль. 
Э.Махтың 
эмпириокритицизмі. 
Ғылым 
бейнесінің 
ғылым 
философиясында өзгеруі. Логикалық позитивизм және верификация принципі. Позитивизмнің
дағдарысын түсіну: Э.Гуссерль. К.Поппер эволюциялық эпистемология және фальсификация 
принципі туралы. М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы. Постмодернистік дискурс жаңа 
жанр ретінде: Р.Рорти. Қазіргі заманғы ғылымның қайшылықтары: постмодерннің жағдайы, Ж.-Ф. 
Лиотар.
Сызықтық емес эволюция ұғымы. Диалектика, жүйелі зерттеу және жүйелі сараптау. Жүйелі 
зерттеуден синергетикаға көшу. Синергетикалық парадигманың қалыптасуы. Полипәндік, 
пәнаралық және транспәндік: концептуалдық жіктеу. Қазіргі ғылымдағы интеграциялық үрдістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет