Фарабидің ізгілікті қала туралы ілімі және қазіргі заман. Әл-Фарабидің
философиялық мұрасын
зерттеу. Қазіргі заманғы қазақ философиясындағы фарабитанудың қалыптасуы мен дамуы.
3 тақырып. «Арғықазақ мифологиясы мен философиясы»
Арғықазақтардың дүниетанымдық бағдарлары мен бастапқы санаттары және олардың
арақатынасы. Сақтардың, үйсіндердің, ғұндардың және қаңлылардың сенімдері мен мифологиясы.
Көшпелі өмір салтының философиялық және дүниетанымдық мәселелері.
Көшпенділік және
отырықшылық. Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы және олардың ерекшеліктері. Көне түркі
жазуы. Орхон-Енисей мәтіндеріндегі дүниетанымдық бағдарлар. Түркілердің дәстүрлі
дүниетанымының негізгі категориялары. Тәңіршілдік дүниетаным ретінде. Тәңіршілдік және
философия.
4 тақырып. «Орта ғасыр дәуіріндегі қазақ философиясы»
Қорқыт Ата дүниетанымы. Өмір және өлім мәселелері. «Оғызнама»
мәтініндегі мәдени-
тарихи маңызды тұжырымдар. әл-Фарабидің философиясындағы Ақыл туралы ілім. Әлеуметтік
этика. Ғылымдар жүйесі. Махмұт Қашқари: дүниетаным айшықтары. Жүсіп Баласағұнның «Құтты
білік» дастанындағы философиялық ойлар. Қожа Ахмет Иасауи − сопылықтың түркілік
бұтағының негізін салушы. «Диуани хикметтегі» махаббат ілімі. Сопылық философиясы.
Иасауидің адам бостандығы туралы ілімі. Иасауи ілімінің қазақ философиясы тарихындағы орны.
Достарыңызбен бөлісу: