«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар


 тақырып. «ХV - ХІХ ғасырлардағы қазақ философиясы»



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
5 тақырып. «ХV - ХІХ ғасырлардағы қазақ философиясы» 
Номадтық мәдениеттің синкретизмі. XV–XVIII ғғ. жыраулар шығармашылығындағы 
философиялық сарындар. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы 
әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Мұхаммед 
Хайдар Дулатидың, Қадырғали Жалайырдың көркемдік, діни-философиялық, саяси көзқарастары.
Махамбет, Шернияз, Сүйімбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай ақындардың шығармашылығындағы 
философиялық ой-толғамдар. Зар заман философиясы. Қазақ эпостары батырлық образдардың 
ролі мен маңызы. 
6 тақырып. «Қазақ би-шешендігінің философиясы» 
Дала шешендігі − өзіндік өркениеттік бітім. Шешендік өнердің әлеуметтік табиғаты, мәні 
және қызметі. Шешендік сөз өнері – философиялық феномен. Төле би, Әйтеке би және Қазыбек 
бидің философиялық дүниетанымдары. Қазақ ділмарлығындағы әлеуметтік бірлік философиясы. 
Шешендік сөз өнеріндегі саяси философия. Шешендік өнердегі саяси концепциялар (тұғырнама) 
және оның сабақтастығы. Қазақ ділмарлығындағы геосаяси ойлар. Қазақ ділмарларының 
дипломатиялық көзқарастары мен тәжірибесі. Шешендік сөз өнеріндегі билік философиясы. 
Шешендік өнердегі ұлттық патриотизм мәселесі.
 
7 тақырып. «ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушылығы философиясы» 
Қазақ ағартушылығының пайда болуы мен дамуы. Қазақ ағартуының негізгі ерекшеліктері 
және олардың тарихи шарттылығы. Шоқан Уәлихановтың философиялық және жаратылыстану 
ғылымдлары бойынша көзқарастары. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік концепциясы, этикалық 
және эстетикалық көзқарастары. Ыбырай Алтынсарин, оның мұсылман дінбасылары мен дінді 
сынға алуы. Ыбырай Алтынсарин педагогикасы. Абай Құнанбаев, оның философиялық ойлау 
ерекшеліктері. Абайдың адамгершілік-этикалық тұжырымдамасы. Абай Құнанбаевтың 
ағартушылық исламы және оның қазақ халқы туралы ойлары. 
 
8 тақырып. «ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ояну философиясы» 


Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов 
және олардың Қазақстанның ұлттық өзін-өзі билеу мәселесін шешуі. Міржақып Дулатов және 
оның қазақ халқы тарихының философиясы. Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұстафа 
Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ғұмар Қараш, Жақып Ақпаев және олардың «біртұтас 
Түркістан» идеясы. 
ХХ ғ. қазақ интеллигенциясының шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Қазақ 
халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ 
философиясының рөлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет