«құрылымы». Тарихи және харизматикалық тұлғалар ұғымы. Тұлға, еркіндік, құндылықтар:
ұғымы, табиғаты және мәні. Адам еркіндігінің онтологиясы, феноменологиясы, аксиологиясы
және олардың өзара байланысы.
5 тақырып. «Тұлға және жеке болмыстың қоғамдық формалары»
Тұлға, оның мәні мен мағынасы басқаға деген қатынасы арқылы анықталатын ашық жүйе
іспеттес. Бөгде біреу, оның индивидтің өзін-өзі айқындауы және өзін- өзі қалыптастыруы
үрдісіндегі рөлі. «Индивид» және «жеке тұлға» түсініктерінің айырмашылығы. Адам - қалыптасып
келе жатқан болмыс ретінде. Қоғамдық қатынастардың әртүрлілігі ,индивидтің өмірлік
функцияларының ортасы ретінде. Қоғамдық қатынастардың талдануы, күрделі динамикалық
құрылымдармен көрсетілген (тұлғалық болмыстың кеңістігі) тұлғаны түсінудің алғышарттары.
Тұлға - әлеуметтенудің күрделі үрдісі ретінде индивидтің өмір сүру уақытына тең келеді. Тұлға -
болмыстық өлшемде. Әлем тұлғаның өлшемі ретінде. Құндылықтың әлеуметтік-мәдени мәртебесі
және тұлғаның аксиологиялық өлшемі. Тұлғалық болмыстың құндылықтары, идеалдары және
нормалары.
Достарыңызбен бөлісу: