2 тақырып. «Еуропалық Ағартушылық философиясы» Адамзат тарихындағы Ағартушылықтың әртүрлі типтерінің ортақ жақтары.
Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы.
Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның
қоғамдық келісім-шарт теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы.
«Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қолөнерлердің Түсіндірме сөздігін» жасау.
Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі.
Ағартушылық – әлеуметтік прогресс жолы. Классикалық неміс философиясының негізгі
ережелері.
3 тақырып. «ХIХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы философия» Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау.
Огюст Конт: философия – жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жалпы
қорытындылаумен айналысатын синтетикалық ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның
индуктивтік логикалық әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялық дүниеде
эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы. Логикалық позитивизм, аналитикалық философия –
позитивизмнің үшінші кезеңі. Герменевтика – түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер: «түсінбеу – іргелі
феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд
Гуссерльдің феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер түсіну – әлеуметтік болмысты түйсінудің
қажетті шарты екендігі туралы.
Экзистенциализмнің қалыптасуының әлеуметтік-философиялық алғышарттары. Серен
Къеркегор: адам – әлемдік эволюцияның мақсаты және мағынасы. Мартин Хайдеггер адамның
нағыз және нағыз емес болмысы туралы. Жан Поль Сартр: адам – еркіндікті немесе еркіндік еместі
таңдаушы жоба. Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі.
Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко «субъект – таным –
дүние» жүйесінің элементтерінің арақатынасы мәселесін түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак
Деррида: деконструкция – мәтінді зерттеу тәсілі. Структурализм: объектілердің тұрақты
логикалық құрылымдары мен байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялық ойлауды
сараптауға назар аударуы. Жан Лакан: Фрейдтің психоанализін структуралистік қайта қарастыру.
Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалдық білім мен ақылды мақсат,
прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс: білімнің ақиқаттылығы
оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен анықталады. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм
философиясы.