Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау»



бет20/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау»



«Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты:тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау





Қолдану көрсетілімдері:пациенттің жағдайын бақылау.





Тамыр соғуын зерттейтін жерлер:кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары





Тамыр соғу параметрлері:ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.





Әзірлеу:сағатты (секундомерді),қағазды,қызыл түсті қаламсапты,қызу парағын.





Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.





Пациентке ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.





Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен пациенттің білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз,2,3,4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі)бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде),1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.





Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз.Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз,тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.





Пациенттің оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз.Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз.Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).





Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз





Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз





Тамыр соғу толысуын бағалаңыз





Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.





Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен, қызыл түспен,ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.





Пациентке зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.





Қолынызды жуып,кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет