Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет2/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: Пациенттің дене салмағын өлшеу.




«Пациенттің дене салмағын өлшеу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: диагностикалық.





Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.





Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.





Әзірлеу:еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентті дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.





Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.





Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.





Пациентке таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.





Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.





Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.





Пациентке өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.





Пациентке таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.





Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.





Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі


Дағды: Пациенттің бойын өлшеу.





«Пациенттің бойын өлшеу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: Пациенттің физикалық дамуын бақылау.





Қолдану көрсетілімдері: пациенті қарау, динамикалық бақылау, ауруханаға қабылдау.





Дайындаңыз: өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.





Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.





Пациеттен бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.





Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.





Пациенттен бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.





Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.





Пациентке өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.





Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.





Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.





Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Дағды : Бит анықталған кездегі санитарлық тазалау.





«Бит анықталған кездегі санитарлық тазалау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.





Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.





Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.





Әзірлеу: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ертіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алаты журналды (Ф-060/у).





Пациентпен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.





Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.





Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.





Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.





Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).





Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.





Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.





Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.





Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.





Пациенттің басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.





Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.





Пациенттің және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).





Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.





СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.





Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет