Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет44/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты кию. Алжапқыш кию.





Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз.





Пациентті кермемен қоршаңыз.





Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.





Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.





Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.





Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.





Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз





Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.





Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.





Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.





Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.





Анус тесігі айналасын тазартыңыз.





Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.





Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет