Әзірлеу: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні,алмұрт баллоншаны немесе Жане шприці, жел шығаратын түтікті,вазелинді, клеенканы, халатты, алжапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
5.
|
Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
6.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз, халатты, алжапқышты киіңіз.
|
|
7.
|
Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеп,кермемен қоршаңыз
|
|
8.
|
Дәрілік клизма қояр алдында 20-30мин бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
|
|
9.
|
«Су» моншасында 380C дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
|
|
10.
|
Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
|
|
11.
|
Пациентті сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы мен тізе буынынан бүгілуі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
|
|
12.
|
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып,ал оң қолменжел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластырып, 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
|
|
13.
|
Алмұрт баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен енгізіңіз.
|
|
14.
|
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
|
|
15.
|
Алмұрт баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
|
|
16.
|
Одан дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып,оң қолмен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
|
|
17.
|
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
18.
|
Анал тесігі айналасын тазартыңыз.
|
|
19.
|
Пациентке ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.
|
|
20.
|
Халатты,алжапқышты,қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
21.
|
Қолыңызды жуып,құрғатыңыз.
|
|