Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет52/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:

  • Биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • ЖҚТБ және RW қан алуды күнніңәрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • Қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттеррдің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады; шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар);

  • Жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін , жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

  • Қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.


Дағды: «Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау»



«Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау» тәжірбиелік дағдысын бақылау тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.




2

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелірінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.




3

Әзірлеу:

  • Таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

  • Банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 37 С.




4

Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы пациенттке нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.




5

Қақырықты таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.




6

Пациенттен сұраңыз:

  • Таңертен 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

  • Тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

  • Тік тұруды немесе тік отыруды;

  • Қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді , қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

  • Қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.




7

Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.




Ескерту:

  • Егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

  • Қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін пациентке ескерту қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет