Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді. Дағды: «Көзді күту»



бет114/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121
Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.
Дағды: «Көзді күту».





«Көзді күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,ауруларының алдын-алу, қалі ауыр пациент көзіне таңертенгі тазалықты жүргізу,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:.пациенттің қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.




3.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:дәке тампондарын,лотокті,пинцетті(іскекті), ундинканы,көз стакандарын,1:2000 фурациллин ерітіндісін,вазелин майын,мензуркаларды,физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.




4.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




5.

Көздерін қарап,олардың жағдайын бағалаңыз,




6.

Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.




7.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.




8.

Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын,екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.




9.

Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып,оны мензурканың қабырғасына,аздап қана сығып қысыңыз.




10.

Оң қолға тампонды ұстап,көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан,ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз ( іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).




11.

Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып,осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.




12.

Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.




13.

Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:




14.

Сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.




15.

Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.




16.

Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Ескерту:Көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды.Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
Дағды: «Мұрын қуысын күту».





«Мұрын қуысын күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,мұрынмен дем алудың бұзылуының ала ескерту,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:пациенттің ауыр жағдайы,мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.




3.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:мақтатурундаларын,мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын,науаны,қолғаптарды,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.




4.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




5.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.




6.

Пациенттің басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып,Фаулер қалпын беріңіз.




7.

Сол қолдың 4-саусағын пациенттің маңдайына қойып,ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп,мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің,кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.




8.

Сілемейлі бөлінулердің алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.




9.

Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үщін,мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.




10.

Турунданы пинцетпен алып,вазелин майымен ылғалда,мензурканың шетіне аздап қысып,сығыңыз.




11.

Оң қолыңызға турунданы алып,жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).




12.

Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз,бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.




13.

Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.




14

Қолғапты шешіңіз.




15.



Қолданылған турундаларды,қолғапты қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.




16.

Пинцетті,мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




17.

Қолыңызды жуып,кептіріңіз.




Дағды: «Құлақты күту».





«Құлақты күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,құлақ ауруларының алдын-алу,құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:пациенттің ауыр жағдайы,есту жолында құлықтың жиналып қалуы.




3.

Қарсы көрсетілімдері:құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.




4.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:науаны,тамызғышты,пинцетті,мензурканы,мақта турундаларын,сүрткілерді қолғаптарды,3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін,сабынды суды,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.




5.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




6.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.




7.

Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.




8.

Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз,науаны астына қойыңыз.




9.

Сүрткіні жылы сабындыы ерітіндіде ылғалдап алып,құлақ қалқанын сүртіңіз,сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).




10.

Алдын-алу су моншасында (t-36-37C) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.




11.

Оң қолыңызға мақта турундасын алып,3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз,ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңызы;құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.




12.

Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп,оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.




13.

Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз,бұл есту жолындағы бөліністер мен құлақтың шығуын қамтамасыз етеді.




14.

Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.




15.

Қолғаптарды шешіңіз.




16.



Қолданылған қолғапты,турундаларды,сүрткілерді қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.




17.

Пинцетті,мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




18.

Қолыңызды жуып,кептіріңіз.




Ескерту: Құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды,есту жолы жарақаттануы мүмкін.
Дағды: «Қан қысымын өлшеу»





«Қан қысымын өлшеу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты:.қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау;жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.





Қолдану көрсетілімдері: пациент жағдайын бағалау





Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады





Әзірлеу: тонометрді,фонендоскопты,қағазды,қаламсапты,қызу парағын





Пациентке емшараның мақсатын түсіндіріңіз,алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз,қандай нәтижелер болғанын пациент білеме,өзін қалай жүргізу керек,қандай сезім болу керек.





Пациентке ыңғайлы қалып беріңіз,отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта,пациенттің қолы жазылған қалыпта жатады(алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде.





Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді





Тонометрдің манжетасын пациенттің жалаңаштанған иығына,шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде,оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады;манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента)жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.





Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз





Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз(фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек,онда мәліметі басқаша көрсетіледі).





Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз.





Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.





Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз.





Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз,көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады.





Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.





Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз





Пациенттің қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз





Мәліметті сандық жазу түрінде және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).





Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.





Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.





Пациентке өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.




Ескерту: Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Пациентке қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.
-қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.
-артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140\90мм с.б
-артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет