№
|
«Аурухана жағдайында Бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
|
|
3
|
Дайындаңыз: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).
|
|
4
|
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.
|
|
5
|
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
|
|
6
|
Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
7
|
Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.
|
|
8
|
Емделушіні тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
|
|
9
|
Емделушінің артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.
|
|
10
|
Емделушіні аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
|
|
11
|
Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.
|
|
12
|
Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
13
|
Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
|
|
14
|
Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз
|
|