Дағды: « Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану»
№
|
«Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
|
|
3
|
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.
|
|
4
|
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
|
|
5
|
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
|
|
6
|
Емделушіге емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз..
|
|
|
Емделушіге ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз
|
|
7
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
8
|
Емделушінің ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
|
|
9
|
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
|
|
10
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
Дағды: « жабысқақ дәрілік Пластырьді салу»
№
|
« жабысқақ дәрілік Пластырьді салу » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.
|
|
3
|
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
|
|
4
|
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні.
|
|
5
|
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
|
|
6
|
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).
|
|
7
|
Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз..
|
|
|
Емделушіге пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз
|
|
8
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
9
|
Емделушінің терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.
|
|
10
|
Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз.
|
|
11
|
Емделушінің терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.
|
|
12
|
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
|
|
Ескерту:
пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
Дағды:_«_Суппозиторийді_(балауызды)_тік_ішекке_қолдану_»'>Дағды: « Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану»
№
|
«Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
|
|
3
|
Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.
|
|
4
|
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
|
|
5
|
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
|
|
6
|
Емделушіге емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
|
|
7
|
Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
|
|
7
|
Емделушіні сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.
|
|
8
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
9
|
Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.
|
|
10
|
Сол қолмен емделушінің бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
|
|
11
|
Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
|
|
12
|
Бірнеше минуттай емделушітың төсектен тұрмауын сұраңыз.
|
|
13
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
Ескерту:
суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;
суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.
Дағды:«Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау»
№
|
«Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
|
|
3
|
Дайындаңыз:
таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;
банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);
0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.
|
|
4
|
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.
|
|
5
|
Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.
|
|
6
|
Емделушіден сұраңыз:
таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
|
|
7
|
тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;
|
|
8
|
тік тұруды немесе тік отыруды;
|
|
9
|
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;
|
|
10
|
қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
|
|
11
|
Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.
|
|
Ескерту:
егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;
қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.
Дағды: «Атиптік жасушаларға қақырықты жинау»
№
|
«Атиптік жасушаларға қақырықты жинау » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
|
|
3
|
Дайындаңыз:
таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;
банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).
|
|
4
|
Емделушіге қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.
|
|
5
|
Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.
|
|
6
|
Емделушіден сұраңыз:
таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;
|
|
7
|
ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;
|
|
8
|
тік тұруын немесе тік отыруын;
|
|
9
|
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;
|
|
10
|
бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.
|
|
11
|
Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.
|
|
12
|
Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |