№
|
«Асқазанды жуу техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
|
|
3
|
Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
|
|
4
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.
|
|
5
|
Пациентке емшараның барысын түсіндіру, келісімін алу
|
|
6
|
Емшара жасауға қарсы көрсеткіштің жоқтығына көзін жеткізу.
|
|
7
|
Пациентке және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлау.
|
|
8
|
Пациентті орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызу.
|
|
9
|
Алмалы-салмалы тіс протезін алу (егерде олар болса).
|
|
10
|
Пациенттің қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлау
|
|
11
|
Пациенттің тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойю.
|
|
12
|
Пациенттің артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұру.
|
|
13
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Қолға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеу: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосу.
|
|
|
Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастыру.
|
|
|
Пациентке сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіру.
|
|
|
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулау.
|
|
|
Пациенттің ауызын ашуды сұрау. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолмен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салу.
|
|
|
Пациентті жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіу.
|
|
|
Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны пациенттің тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
|
|
|
Құйғыға 1 л суды құйып, оны құйғының шетіне дейін толтыру.
|
|
|
Құйғыны ақырын көтеру, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіру.
|
|
|
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйю.
|
|
|
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталау.
|
|
|
Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығару.
|
|
|
Клеенкалы алжапқышты шешу.
|
|
|
Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салу.
|
|
|
Пациенттің ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүрту.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату.
|
|
|
Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салу.
|
|
|
Пациентті палатаға апарып, жатуына көмектесу.
|
|
|
Пациентті физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.
|
|
|
Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберу.
|
|
|
Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіу.
|
|