Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: Көк тамырға инъекцияны орындау техникасын көрсету



бет118/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: Көк тамырға инъекцияны орындау техникасын көрсету.





«Көк тамырға инъекцияны орындау техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.





Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.





Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).





Әзірлеу: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беру.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, демперде мен қолғапты кию.





Орауды ашып, шприцті құрастыру.





Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеру).





Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу.





Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салу.





Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығарып, шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салу.





Пациентті отырғызу немесе кушеткаға жатқызу.





Пациенттің шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастыру (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).





Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлау.





Бұрауды байлау: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.





Көк тамырды зерттеу. Пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысып, ашуын, және оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).





Пациенттің білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалау, колдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұру (көк тамырдың толуын күшейту үшін).





Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табу.





Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз)





Үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салу.





Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап V саусақ – шприцтің поршенінде, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстау.





Шприцте ауаның жоқтығын тексеру.





Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартып, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесу, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізу, «қуысқа» түскенін сезгенше.





Поршенді өзіңе қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көздіі жеткізу.





Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіп, пациенттен жұдырықты ашуын сұрау..





Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзді жеткізу.





Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізу.





Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығару.





Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, пациенттің шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұрау.





Мақта шаригін, қолданылған шприцті инесімен, қолғапты арнайы «Б» контейнерге салу.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет