Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Жел шығаратын түтікті қою техникасын көрсет»



бет45/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Жел шығаратын түтікті қою техникасын көрсет»





«Жел шығаратын түтікті қою техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.





Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.





Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.





Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.





Пациентті кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).





Пациенттің қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Пациенттің бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.





Пациентті сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.





Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.





Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.





Пациентті шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.





Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.





Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.





Пациенттің қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.





Пациенттің үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.





Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.





Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.





Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет