Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.
Дағды: «Резеңке алмұрт тәрізді боллонша көмегімен босату(майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою техникасын көрсет»
№
«Резеңке алмұрт тәрізді боллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
Жауабы
Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Пациентке емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.
Пациентті кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.
Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.
Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.
Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.
Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.
Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.
Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).
Пациенттің бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.
Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.