№
|
«Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырықты жинау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, пациентті өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
|
|
|
Әзірлеу: : көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).
|
|
|
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды пациентпен жүргізіңіз.
|
|
|
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз, масканы, клеенкалы алжапқышты.
|
|
|
Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Пациентке ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.
|
|
|
Пациентті тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
|
|
|
Пациенттің артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.
|
|
|
Пациенттің аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
|
|
|
Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.
|
|
|
Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
|
Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
|
|
|
Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмдеңіз.
|
|