Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет62/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

  • зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.



Дағды: «Құсқан пациентке алғашқы көмек». Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)



«Құсқан пациентке алғашқы көмек» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.





Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрға қақпағы бар банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Жедел дәрігерге хабарлаңыз.





Пациентті ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз.





Пациентке сүлгіні беріңіз.





Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.





Пациенті алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егерде олар болса).





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.





Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.





Пациентке физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.





Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).





Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.





Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.





Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет