№
|
«Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.
|
|
3
|
Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, шыны түтікті.
|
|
4
|
Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз.
|
|
5
|
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
|
|
6
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
7
|
Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.
|
|
8
|
Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
|
|
9
|
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.
|
|
10
|
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
|
|
11
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
№
|
«Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерге)» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
|
|
2
|
Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.
|
|
3
|
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Пациентке алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз:
(егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.)
|
|
5
|
Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.
|
|
6
|
Пациенттен дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
|
|
7
|
Пациент қолын жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатуын сұраңыз.
|
|
8
|
Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.
|
|
9
|
Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.
|
|
10
|
Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.
|
|
11
|
Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
12
|
Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз.
|
|
13
|
Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.
|
|
14
|
Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.
|
|
15
|
Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
|
|
16
|
Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.
|
|
17
|
Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.
|
|
18
|
Пациент қолын жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатуын сұраңыз. Киініңіз.
|
|
19
|
3әрі бар ыдысты мейіргерге беріңіз.
|
|