Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
|
|
4
|
Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
|
|
5
|
Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.
|
|
6
|
Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі). Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
|
|
7
|
Посттық мейіргердің іс-әрекет алгоритмі:
Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде пациентке жасырын жағдайда беріңіз.
|
|
8
|
Зерттеуді жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.
|
|
9
|
Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.
|
|
10
|
Іші кепкенде пациент 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.
|
|
11
|
Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін пациентке тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.
|
|
12
|
Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігітуралы пациентке ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын).
|
|
13
|
Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.
|
|
14
|
Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.
|
|
15
|
Тура зерттеу жүргізер алдында пациенттен қуығын босатуын сұраңыз.
|
|
16
|
Тағайындалған сағатқа пациентті ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.
|
|
17
|
|