Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы



Pdf көрінісі
бет14/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы
«Балалық  шақтың»  әдепкі  баспалдағы  –  сәбилік 
кезең. Қасиетті Құран кәрімде бұл шақ бірнеше мәрте 
қайталанған. Сәбилік кезеңнің бірнеше мәрте Құранда 
тілге тиек етілуі мәселенің аса маңыздылығын білдірсе 
керек. 
Сәбилік  кезең  бала  туылған  сәттен  бастап,  екі 
жасқа  дейін  жалғасады.  Құранда  сүт  ему  уақыты  екі 
жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
  екі  жасына  толмай  шетінеген  ұлы  Ибраһим  жа-
йында:  «Оның  сүт  анасы  жаннатта.  Қалған  сүтін 
сонда  еміп,  екі  жылын  тәмамдайды»
33
,  –  деп,  сәби 
үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген. 
Көбіне ата-аналар бала тәрбиесінде сүт ему кезеңінің 
маңыздылығына  аса  мән  бермейді.  Алайда,  баланы 
тазалыққа,  белгілі  бір  тәртіпке  үйрету  кезі  нағыз  осы 
айлар болса керек. Сонымен қатар сәби кездегі қорек 
баланың  болашақтағы  денсаулығына  бірден-бір  әсер 
ететін  маңызды  фактор  екенін  медицина  да  дәлелдеп 
отыр. Психологтардың айтуынша, баланың өзіне деген 
сенімділігі, тұйық немесе ашық мінезділігі, тартыншақ 
немесе батыл болуы да осы кезеңде қалыптасады екен. 
Тіпті  ата-ананың,  әсіресе  сүт  емізіп  жатқанда  сәбиді 
33
  Муслим, Фәдаил, 63; Ибн Мажә, Жәнаиз, 27.


38
Исламдағы бала тәрбиесі
шешесінің мейірлене құшағына басуының өзі маңызды. 
Осыған  қарай  баланың  бойында  оптимистік  немесе 
пессимистік қасиет пайда болады. Сондай-ақ баланың 
зерек, еңбекқор, өмірге бейімді боп өсуіне әсер ететін 
жүйке  жүйесі  де  осы  кезден  қалыптаса  бастайды. 
Сондықтан сәбилік кезең де өз алдына маңызды. 
Енді  сәбилік  кезеңнен  бастап  бала  тәрбиесінде 
қандай амал-әрекеттердің өсиет етілгеніне тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет