Алғашқы жөргек Ислам діні сәбидің болашақ тәрбиесі үшін
алғашқы қадамдарды қалай бастау керектігін, ата-
аналық жауапкершілікті рет-ретімен үйреткен. Мы-
салы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды
алғаш көргенде, Пайғамбарымыз оның үстіндегі сары
жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған
34
. Бұл әр бала өз
жынысына сай түспен киінуі керек дегенді білдірмек.
Алғашқы қорек Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, сахабалар жаңа
туылған нәрестелерді алдымен Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алып келетін. Пайғамбарымыз он-
дайда нәрестені құшағына алып, игі дұға тілеген, со-
сын құрманың сөлін таңдайына жағып, дәм таттыратын
болған
35
. Яғни дүниеге келген сәбидің тәрбиесі үшін
алғашқы қадамдар осылай басталатын. Жаңа туған
нәрестенің таңдайына құрма жағу мәселесін ғалымдар
әртүрлі жорамалдайды. Бірқатары бұл нәрестені
тамақтануға үйрету десе, енді біреулері құрманың адам
ағзасына деген пайдасын алға тартқан. Қалай десек
34
Ибн Абдилбәрр, әл-Исабә фи тәмиизис-сахабә, 4-т., 337-338-б.
35
Муслим, Таһарәт, 101.
39
Сәбидің дүниеге келуі те, жаңа туған сәбиге құрманың дәмін алдыру сүннет
амалдардың бірі болып табылады.