Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет12/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Жүктілік
Адам  баласының  бұл  өмірге  саяхаты  жатырға 
түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана 
жатырындағы  даму  кезеңдері:  «Расында,  біз  адамды 
нағыз  балшықтан  жараттық.  Сосын  оны  шәуеттің 
бір  тамшысы  күйінде  мықты  жерге  (жатырға) 
орналастырдық.  Сосын  ол  тамшыны  алақаға 
(жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға 
(бір  шайнам  ет  бейнесіндегі  жаратылысқа)  сосын 
мудғаны  сүйектерге  айналдырдық,  сосын  сүйектерді 
етпен  қаптадық,  сосын  оны  басқа  бір  жаратылыс 
жасадық. Аллаһ – ең керемет Жаратушы»
28
 − деп ба-
яндалады. 
Осы кезеңді XIX ғасырдың дүлдүл ақыны Мәделі 
Жүсіпқожаұлы былайша жырға қосқан: 
Басында қатыра судан болдық пайда,
Неше күн шайқатылып жүрдік бойда.
Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып,
Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда.
Тарықпай тар құрсақтан тауып қорек,
Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда.
28
  «Муминун» сүресі, 12-14.


32
Исламдағы бала тәрбиесі
 Ал хадисте бұл кезеңдер: 
«Әрбір  адамның  жаратылысы  ана  жатырында 
қырық күнде ретке келеді. Сосын тағы сондай кезеңде 
алақа,  тағы  сонша  күнде  мудғаға  айналады.  Со-
сын бір періште арқылы рух беріледі. Әлгі періштеге 
«Енді  сәбидің  рызығын,  ажалын,  бақытты  немесе 
бақытсыз болатынын жаз» деген бұйрық келеді»
29
 деп 
түсіндірілген. Кейбір хадистерде сол аралықта сәбидің 
жынысы, ұзын немесе қысқалығы, ауру немесе сау бо-
латыны да белгіленеді делінген
30

Жүктілік кезең – бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды 
кезеңдердің  бірі.  Себебі,  қазіргі  ғылыми  зерттеулер 
бойынша,  баланың  мінез-құлқының  кейбір  тұстары 
осы кезеңде қалыптаса бастайды екен. Мысалы, гине-
кология саласының білікті мамандары жүктілік кезеңде 
ананың  әрбір  әрекеті  мен  сезімдерінің  іште  жатқан 
сәбиге жағымды немесе жағымсыз түрде әсер ететінін 
айтып, былай дейді: «Іште жатқан сәбидің қимылдары 
анасының  қуанғанына  немесе  қайғырғанына  қарай 
өзгереді.  Анасы  мұңайғанда  қимылсыз  жатқан  сәби, 
анасы  қуанғанда  жыбырлап  қозғала  бастайды.  Осы-
лайша  сәби  жатырда  жатқан  кездің  өзінде  анасының 
психологиялық  күйіне  қарай  көңілді,  мұңды  немесе 
томаға-тұйық мінезді бойына сіңіреді».
Ананың  психологиялық  көңіл-күйі  (ұрыс-керіс, 
қуаныш-қайғы т.б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер 
етеді. Егер  ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, 
ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша 
29
  Бухари, Бәдул-халқ, 6; Муслим, Қадәр, 1.
30
  Муслим, Қадәр, 2; Муснәд, 1-т., 374-375-б.


33
Отбасы – тәрбие бесігі
балада да сондай көңіл-күй пайда болады. Аяғы ауыр 
әйел баспалдақтан шыққанда немесе темекі тартқанда, 
іштегі сәбидің де жүрек соғысы жиілей түсетін көрінеді. 
Ал  анасы  шаршағанда,  жатырда  жатқан  баланың 
қимыл-қозғалысы  үдей  түседі  екен.  Ғалымдардың 
айтуынша,  аяғы  ауыр  кезде  темекі  шеккен  әйелдер 
қылмысқа  бейімдеу  ұрпақ  әкелетін  көрінеді.  Себебі, 
темекінің  уы  жатырдағы  сәбидің  миын  зақымдайды 
екен. Ал шетелдік зерттеуші Ж.Суседик баланы жатыр 
кезеңінде-ақ  тынышталдыру  керектігін  алға  тартады. 
Оның айтуынша, егер болашақ ана жатырдағы баласы-
мен тыныш жерде көп сөйлессе, онда баланың бойында 
ата-анасына деген сенім қалыптаспақ. 
Бес  айлық  кезінде  жатырдағы  баланың  есту 
мүшесі жетіліп, сырттан келген дыбыстарды ажырата 
бастайды. Осы кезеңде балада өмір бойы қолданатын 
ми  клеткаларының  жартысынан  көбі  пайда  болады. 
Ал  жүктіліктің  28-аптасынан  бастап  іштегі  баланың 
қабылдау қабілеттері артып, тіпті анасы жеген тәттіні 
сезіп, қуанады екен. Сондай-ақ ғалымдардың пікірінше, 
жүктілік  кезеңіндегі  стресс  бала  денсаулығындағы 
кінәраттарға жол ашады. 
Демек, жүктілік кезеңінде ананың жеген тағамнан 
бастап,  көңіл-күйі,  өмір  сүріп  жатқан  ортасына  дейін 
бәрі  баланың  мінез-құлқына  әсер  етеді.  Осы  орайда, 
Жүсіп Баласағұн бабамыздың «Құрсақта біткен қылық, 
қара жерге бірге кіреді» деген сөзінің мәні тереңде жат-
са керек. 
Жүктілік  кезінде  ана  Құранды  көп  тыңдап, 
оны    өзі  де  дауыстап  оқитын  болса,  баланың  жа-
тырда  жатып-ақ  Құранмен  танысуына  жол  аша-


34
Исламдағы бала тәрбиесі
ды.  Құлшылығын  атқарып,  дұғасын  жасаса,  іштегі 
сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Анасы әрбір 
әрекетіне мұқияттылық танытып, мұсылмандыққа сай 
өмір сүрсе, іштегі баласы сол кезде-ақ бақыттылардың 
қатарына  қосылады.  Себебі,  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
 бір хадисінде былай деген еді: «Бақытсыз 
адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытсыз, 
бақытты  адам  анасының  құрсағында  жатқанда-ақ 
бақытты»
31
. 
31
  Бухари, Қадар, 1; Муслим, Қадар, 3; Ибн Мажә, Муқаддимә, 7.


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет