Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет19/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101
Ақиқа құрбаны
Жаңа туған нәресте үшін атқарылатын игі істердің 
бірі  –  ақиқа  құрбанын  шалу.  Пайғамбарымыз  бұл  ту-
43
  «Нахл» сүресі, 78-аят.


43
Сәбидің дүниеге келуі
ралы: «Әрбір сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші 
күні  оның  атынан  ақиқа  құрбаны  шалынып,  шашы 
алынады және аты қойылады»
44
 − деген. 
Жаңа туылған сәбидің үлпілдек шашы «ақиқа» деп 
аталады. Перзент сыйлаған Аллаһ тағалаға шүкіршілік 
білдіру  ниетімен  шалынған  малды  «ақиқа  құрбаны» 
дейді. Ақиқа құрбанын баланың туылған күнінен бастап 
балиғат  жасына  толғанға  дейін  шалуға  болады.  Бірақ 
жетінші  күні  шалынуы  –  мұстахап,  яғни  ұнамды  іс. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 немерелері хазірет 
Хасан мен Хұсейін (р.а.) үшін ақиқа құрбанын шалған. 
Қыз балалар үшін де ақиқа құрбаны шалынады. 
садақа
Сәби  туылғаннан  кейін  жетінші  күні  жасала-
тын  амалдардың  және  бірі  −  шашын  алып,  алынған 
шаштың  салмағына  тең  мөлшерде  алтын  не  күміс 
садақа ету. Пайғамбарымыз немерелері туылғанда өзі 
ақиқа құрбанын шалып, қызы Фатимаға (р.а.) олардың 
шашын  алып,  алынған  шаштың  салмағындай  садақа 
беруді  әмір  еткен
45
.  Ғұламалар  бұл  амалды  баланың 
жатырдағы  кезеңді  аман-есен  өткізіп,  сәбилік  кезеңге 
аяқ басқанына ата-анасының жасаған шүкіршілігі деп 
жорамалдаған.
Міне,  көріп  отырғанымыздай,  бала  тәрбиесі 
алғашқы күндерден-ақ басталады. Ата-ана баласының 
болашақта  жақсылықты  көздейтін  тұлғаға  айналуы 
үшін  туылған  сәтінен  бастап,  осындай  игі  істерді 
атқарғаны жөн. Бұның өзі ата-аналық жауапкершіліктің 
беки түсуіне жол ашады.
44
  Нәсаи, Ақиқа, 5.
45
  Мустәдрәк, 3-т., 179-б.


44
Исламдағы бала тәрбиесі
Адал тағам 
Туылғаннан омыраудан шыққанға дейінгі кезеңде 
бала тәрбиесі жоғарыда аталған қадамдармен бастала-
ды. Сонымен қатар, бұл кезеңде ең бастысы баланың 
жақсы  тамақтанып,  денесінің  дұрыс  өсуін  қадағалау 
қажет.  Дінімізде  де  көбінесе  осы  мәселелерге  назар 
аударылған. Мысалы, ананың омырау сүті баланың бо-
йында тұрақты қалыптасатын мінез-құлыққа үлкен әсер 
етеді. Қазақтың «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» 
деуінің  мәнісі  осында.  Бір  хадисте  баяндалғандай 
«Нәрестеге  берілген  сүт  адамның  табиғаты  мен 
мінез-құлқын қалыптастырады»
46
. 
Осы тұрғыда Ислам ғұламасы Имам Ғазали өз ойын 
былай  білдіреді:  «...Сол  үшін  алғашқы  күндерден-ақ 
бала тәрбиесіне көңіл бөлу қажет. Егер басқа әйелдің 
сүтін еметін жағдай туса, тағамның халалдығына мән 
беретін діндар, салиқалы әйелді табу керек. Себебі, ха-
рам тағамнан пайда болған сүтте қайыр жоқ. Мұндай 
сүтпен қоректенген дене ластанып, жаман нәрселерге 
құмартып тұрады»
47



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет