Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет21/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

сәбиді жұбату
Пайғамбарымыздың  сүннетінде  көзге  түсетін 
тағы бір мәселе – жылаған сәбиді жұбату. Себебі, сәби 
көбінесе бір нәрсе қажет болғанда, қарны ашқанда, ма-
засы  қашқанда,  бір  жері  ауырғанда,  ұйқысы  келгенде 
немесе ата-анасын өзіне қарату үшін жылайды. Жалпы 
Пайғамбарымыз  баланы  жұбатуға  ешқашан  бей-жай 
қарамаған. Мысалы, бір хадисінде былай дейді: «Кімде-
кім жылаған баласын жұбатуға тырысып, көңілін ау-
ласа, Аллаһ тағала да жаннатта оған риза болғанға 
дейін нығметтерін жаудырады»
49
. Аллаһ елшісі 
(саллал-
лаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  жамағатпен  намаз  оқып  жатқан  кезде 
жылаған баланың дауысын естісе, намазды тез бітіруге 
тырысатын. Оның бұл әдетін кейбір ғалымдар шешелері 
баласын уайымдамауы үшін деп жорамалдайды. Бірақ 
адамзаттың ең мейірімдісі хазірет Пайғамбар тек қана 
аналардың  емес,  жылаған  сәбилердің  де  жағдайын 
ойлайтын-тұғын. 
Ол  бірде  таң  намазын  өте  жылдам  оқып  бітіреді. 
Сахабалардың бірі бұған таң қалып: «Уа, расулаллаһ, 
бүгін  таң  намазын  әдеттегіден  жылдам  бітірдіңіз»,  – 
49
  Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б.


47
Сәбидің дүниеге келуі
дейді. Сонда әз елші: «Арт жақтан жылаған баланың 
дауысын  естімедің  бе?  Оны  тезірек  анасының 
жұбатқанын қаладым»
50
, – дейді. 
Пайғамбарымыз жұбайларына немересі Хұсейінді 
меңзеп:  «Мына  баланы  жылатпаңдар»
51
  –  деген. 
Сондай-ақ бір күні келе жатып, жылаған баланы көрген 
Расулуллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 қасындағы хазірет Омарға 
(р.а.) баланы жұбату үшін бауырына басуы керектігін 
айтады
52
. Хазірет Айшаның айтуынша, Пайғамбарымыз 
үйіне  кіре  бергенде  бір  баланың  жылаған  дауысын 
естіп:  «Мына  бала  неге  жылап  жатыр,  көз  тиюге 
қарсы оқытпадыңдар ма?»
53
, − деп сұрайды. 
Жүрегі  жұмсақ  Пайғамбарымыз  мейлі  өз  неме-
релері, мейлі басқа мұсылмандардың балалары болсын, 
сәбидің жылағанына селқос қарамай, тез арада оларды 
жұбатуға шақырған. 
Сондай-ақ кейбір ғалымдар хадистерде: «Сәбидің 
алғашқы екі айда жылағаны – Аллаһтан басқа тәңір 
жоқ  екеніне  куәгерлік  етуі,  төртінші  айдың  соңына 
дейін – Аллаһқа тәуекел, сегізінші айдың соңына дейін – 
Пайғамбарға салауат, екі жасқа толғанға дейін – ата-
анасы  үшін  кешірім  тілеу»  делінгенін  де  жеткізген
54

Яғни,  ата-аналарды  сәбилер  жылағанда  ашуланбауға 
шақырған. 
  Алғашқы  халифалар  бала  туылғанда  шыр  етіп 
жылаған  дауысы  естілген  сәттен  бастап  балиғатқа 
50
  Ибн Хажәр, әл-Мәталибул-алия би зәуаидул-мәсанидис-сәмания, 
I, 122-б., Кувейт, 1973.
51
  Мәжмауз-зәуаид, IX, 189-б.
52
  Ибн Хажәр, әл-Мәталибул-алия, III, 28-б.
53
  Ахмед ибн Ханбал, Муснәд, VI, 72-б.
54
  И. Жанан, Хз. Пейгамберин сүннетинде тербие, 205-б.


48
Исламдағы бала тәрбиесі
толғанға  дейін  қазынадан  жәрдем  ақша  бергізген. 
Балаға деген қамқорлықты туыла салысымен-ақ бастау 
қажеттігін осылай көрсетіп кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет