Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет20/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Адал несібемен асырау
Ата-ана  міндеттерінің  бірі  –  өз  асының  адал-
дығына,  сондай-ақ  бала-шағасына  берер  нәпақа-
сының  да  адал  болуына  мән  беруі  керек.  Мұсылман 
адам  жанұясын  хараммен  асырайтын  болса,  он-
дай адамның үйленуі харам немесе мәкруһқа жақын 
болатындығын жоғарыда ескерткенбіз. 
Жанұямызды  адал  рызықпен  асырап,  бағуға 
міндеттіміз.  Былайғы  жұрт  «басқалар  да  алып  жа-
46
  Фәйзул-Қадир, 4-т., 55-б.
47
  Ғазали, Ихияу улумуд дин, 3-т., 165-б.


45
Сәбидің дүниеге келуі
тыр,  көппен  көрген  ұлы  той,  неғылар  дейсің»,  –  деп, 
заман  өзгерісі  мен  дәуір  ығына  жығылса  да,  біз 
ұрпағымызды харамға жақындатпау жағын сәт сайын 
қаперде ұстауымыз ләзім. Әсілі, харам жолмен тапқан 
табысымыз, сол табыспен қоректендірген ұрпағымыз 
тозақтың жиіркенішті заққумы (тозақтағы ағаштың 
аты) секілді бір күні міндетті түрде біздің жанымыз-
ды жараламай қоймайды. Әйтеуір бір опық жегізеді. 
Бала  дүниеге  келгенге  дейінгі  міндеттерімізді 
мінсіз  орындасақ,  онда  сәбидің  бақытты  болатын-
дығына үлкен үмітпен қарай аламыз. Алайда, ішкен-
жегеніміз, киген киіміміз харам, өміріміз де хараммен 
былғанған  болса,  ұрпағымыздың  болашақ  бақытына 
өз қолымызбен балта шапқандығымыз
48
. 
Аллаһ  тағала  Құранның  «Ағраф»  сүресі  58-
аятында  былай  дейді:  «Топырағы  құнарлы,  жақсы 
жердің өсімдігі Раббыңның қалауымен көктейді, өседі. 
Ал тастақты, құнарсыз жерге өсімдік өнбейді, өскен 
күннің өзінде ол ештеңеге жарамайды». 
Осы  аяттағы  «жақсы  жер»  деген  сөзді  мұсылман 
ғұламасы  Рағыб  әл-Исфахани  «балаларын  адал  аспен 
асыраған  ата-аналар»  деп  тәпсірлейді.  Бұндай  ата-
анадан туған бала-шаға, құнарлы жерде өскен өсімдік 
тәрізді жақсы тәрбиеленеді. Ал аяттағы «құнарсыз жер» 
деген  сөз  «балаларын  харам  сүт  пен  харам  азықпен 
қоректендірген ата-ана» деп тәпсірленген. Ондай ата-
анадан дүниеге келген балалар көбінесе бұзықтыққа са-
лынып, қоғамның құтын қашырып жатады. Дегенмен, 
Ислам дінінде харам азықпен қоректенген балалардың 
да мінез-құлқын тәрбиелеуге келетіні айтылады. 
48
  Ф. Гүлен. Чекирдектен чынара. Нил йайынлары. 2002. Б. 62-63.


46
Исламдағы бала тәрбиесі
Бір күні тақуа кісілердің біріне «Баламызды қалай 
тәрбиелесек болады?» деген сұрақ қойылыпты. Сонда 
әлгі  кісі:  «Адал  тамақ  беріп,  сосын  далаға  шығарып 
жіберіңдер. Аллаһ тағала оны өзі сақтайды» деп, адал 
рызықпен азықтанған баланың оңайлықпен жамандыққа 
бармайтынын 
айтқан. 
Алғашқы 
мұсылмандар 
адал  азықтың  бала  тәрбиесіндегі  рөліне  баса  назар 
аударған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет